«Шашың жалбырап ортада неғып жүрсің?!»: Нұрболат Абдуллинді көкпаршылар мыжып кете жаздады

0
3 039

«Басыңа қамшы сарт ете қалмасын!»


«Шашың жалбырап ортада неғып жүрсің?!»: Нұрболат Абдуллинді көкпаршылар мыжып кете жаздады

22.02.2022 ерекше күні танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожаның дәстүрлі дүбірлі көкпары өтті. Түркістан облысы, Қызыләскер ауылы, Жамалов атшабарында өткен үлкен көкпарға әншінің әріптес достары да қатысып, тамашалады, ақ тілегін арнады. Солардың бірі – әнші Нұрболат Абдуллин.

Ол көкпаршылардың ортасына әрең кіріп, сөз сөйледі.


Желідегілер «Әбджиктің ашуланғаны өтті», «Шашың жалбырап не қып жүрсің ортада? Басыңа қамшы сарт ете қалмасын», «Жабайылар, бір-бірін тыңдамайды», «Суретке түсіп алайықшы» дей ме?», «Әшкиді байқашы», «Суретке түсу маңызды болып тұр ғой. Сөз тыңдау деген жоқ па?» деген сияқты пікірлерін жазуда.