«Шөп шегуді қызық көрдік»: Нұрболхан Шарапов есірткі шеккенін мойындады

0
2 963

"Тоймай, тамақ жей бердім".


«Шөп шегуді қызық көрдік»: Нұрболхан Шарапов есірткі шеккенін мойындады

Киноактер Нұрболхан Шарапов оқушы күнінен бастап ішімдік іше бастағанын, тіпті шөп шегіп көргенін мойындады. Бір рет көрген ащы дәмнен мүлдем тыйылғанын айтты. Ол мұны өзінің балалығы деп есептейді.

Бұл туралы Талқылайық бағдарламасында айтылды.

“Мен 9-сынып оқып жүргенде ішімдік іше бастадым. 2009-2010 жылдар. Сол кештерде балалармен жүріп “шөп шегу” дегенді қызық көрдік. Өмірімде бір рет қана шөп шегіп көрдім. Елдер сонымен шабыт шақырады деп жатады. Оған сенбеймін. Балалар дәмін көр деп қолқалаған соң көрдім. Қарным аша бастады. Тоймай, тамақ жей бердім. Балалардың бәрі ұйықтап қалса да, мен тамақ жеп отырмын. Бір уақытта телефонның дыбысы шықты. Алып қарасам, қуаты таусылыпты. Оны алып қуаттағышқа қойдым. Қойдым да, қуаты толғанша соған қарап отырдым. Ол толғанда басқа балалардың телефонын қуаттап, солай қарап отырып толтырдым. Таң атқанша сөйтіп бәрінің телефонын қуаттап бергенмін. Миым істемей қалған ғой. Бір нүктеге қадалып отыра бергенмін. Содан кейін сол нәрсеге жоламадым. Ол бірінші және соңғы рет болды”, – дейді әзілкеш.

Әдетте Жайдарманда әзіл ретінде қолданатын “шөпті” жайдарманшы өмірінде өзі де қолданғаны белгілі болды. Ал өмірде Құдайдан, мезгілсіз өлімнен, жыланнан, қараңғыдан қорқамын дейді ол.