"Шымкенттің қызы": Әнші Қуандық Рахым үйленді

1
9 556

Бұл туралы әншінің продюсері желіде жариялады.


Танымал әнші, көп қыздың арманы болған Қуандық Рахым үйленді. Мұны әншінің продюсері Жанна Әбуова өзінің инстаграм парақшасында жазды.

Жанна Әбуова әнші мен қалыңдығының суретін жариялап, "Армысыздар, ағайын! Сүйіншііі! Бүгін берекелі күздің мерекелі күні. Қуандық ұлдарыңыз қалыңдығын ұясынан әкетіп жатыр. Бұйырса, екі жас отау құрады. Үбірлі-шүбірлі, үлгілі отбасы болыңдар!

Қос ғашыққа тілектеріңіз болса, жаза отырыңыздар" деп жазған.

Одан бөлек әншінің фан-парақшалары да жариялап, жас жұбайларға бақыт тілеуде. Оқырмандар да әншіге жақсы тілектер мен "Шымкенттік қыз", "Шәуілдірдің қызы" деген пікірлер жазып жатыр.