"Сіз мені позорить етіп тұрсыз": Гүлзира Айдарбекова құдағиына неге олай айтты?

0
918

Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова Жаңа жыл мерекесіне орай құдағиын құттықтады.


Әлеуметтік желіге жариялаған видеосында продюсер екінші ұлының анасына өз брендінн заманауи шапан сыйлады. Алайда, құдағиы бұл сыйлыққа қарсы болған. Оның айтуынша, сыйлық алу өте ұят саналады-мыс. Бұл жауабына продюсер Гүлзира Айдарбекова "егер сыйлықты алмасаңыз, берген адам позор болады" деді.


Құдағиы "бізде север жақта мұндай жоқ, енді келмей қоямын" деп бірнеше рет бас тартты. Айдарбековтер "машина алып жатқан жоқсыз ғой, онда тұрған ештеңе жоқ" деп сыйлықты құдағиына қайта-қайта ұсынды.



Бірнеше рет қарсылықтан соң құдағиы сыйлықты қабыл алды. "Мессидің шапаны" деп әзілдеп, құда-құдағиын тағы да күлдірді.


Желі қолданушыларының пікірі де бірнеше тарапқа бөлінген. Бірі "алған сыйлықты алу керек", "құдағиы неге бәлсініп алмай отыр?" деп пікір жазса, енді бірі "алмаса неге жалынады?", "алған-бергендерін неге желіге салады?", "алмақтың да салмағы бар, алмағаны дұрыс" деп жарыса жазды.