"Сіздер ешқашан қателеспеген пендесіздер ме?": Қыдырәлі Болманов Тұрсынбекті қорғап шықты

0
6 244

"Онда бүкіл қылмыскерді "өзіміздің қазақ қой" деп босата салайық", - дейді оқырмандар.


Белгілі продюсер Қыдырәлі Болманов әзілкеш Тұрсынбек Қабатовты талқылап жатқан халыққа ренжіді. Оның айтуынша, Тұрсынбек қазақтың талантты ұлы, сондықтан табалай бермеу керек. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.

Қыдырәлі Болманов: "Әйтеуір ат төбеліндей қазақ, бірін-бірі талап,бірін-бірі жамандап, біреуі сүрінсе,қалғаны қолтығынан демеудің орнына,неше түрліні айтып түрлендіріп,төндіре түсуді әдет қылып алғанбыз.. Ол бізге не береді ? Берекесіздіктен басқа берері жоқ. Бөлінгенді бөрі жейдінің кері. Жаңылмайтын жақ жоқ,сүрінбейтін тұяқ жоқ..Неше түрлі жаман сөздерді жазғыштар,сіздер ешқашан қателеспеген пендесіздер ме ? Бәріміз қате-күналарымыз көп пенделерміз,Алланың құлдарымыз ! Осыны ұмытпайықшы. Бәрі бір Алланың қалауымен. Бірақ БЕРЕКЕНІ-БІРЛІГІМІЗГЕ,БІРЛІКТІ-НИЕТІМІЗГЕ ҚАРАЙ БЕРМЕЙ МЕ ? Мына толқып тұрған заманда,бір-бірімізге тірек,бір-бірімізге жанашыр болмасақ,кім бізге сырттан келіп тірек болмақ ? Әнсіз де,әзілсіз де қазақ өмір сүрмеген ! Тұрсынбек-қазақтың маңдайы жарқыраған талантты ұлы ! Қаншама ұл-қыз өсіріп отыр. Алла бақыттарын көрсетсін ! Тіл-көзден. сақтасын ! Алла қорған болсын ! Еліміз-жеріміз аман болсын ! Әр отбасына амандық,бірлік,бақыт,береке тілейміз!".

Болмановтың бұл постын оқыған оқырмандары оның өзіне жабылды. Олар "Заң ортақ жазалану керек! Бұлай білім сатылса, онда Қазақстанның болашағы жоқ дей беріңдер. Ақшасы барлар сатып ала берсе ұрпағымыз не болмақ нағыз білімділер артта қалса мынау сумдық?", "Неге қара халыққа болыспаймыз. Тек әнші, спортшы, атақтылар қылмыс жасап алып бейшара бола қалады", "Заңсыздыққа халық осылай өздері жол береді. Тұрсынбектің қызының әрекетін дұрыс деп ойлайтындар соны қолдайтындардың бәрі де сондай арам іске қатысы бар адамдар деп ойлаймын. Өйткені ондай әрекет ондай адамдар үшін қалыпты жағдай болып кеткен. Онда бүкіл қылмыскерді "өзіміздің қазақ қой" деп босата салайық онда" деген секілді сөздермен оның пікірімен келіспейтіндіктерін жазған.

Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын Тұрсынбектің қызы ҰБТ-ға өзі емес, орнына басқа біреуді кіргізгені туралы ақпарат тараған. Оның рас екенін әзілкеш те мойындаған. Бірақ Қабатовтар отбасы бұл іске өздерінің қатысы болмағанын айтуда.