"Сіздерді не күтіп тұрғанын білмейсіздер": Димаш АҚШ-тағы тыңдармандарына тосынсый жасайтынын айтты

0
1 214

Әншінің жазбасы тыңдармандарының назарын аударды.


Тыңдармандарын таңғалдырудан жалықпайтын Димаш Құдайберген керемет биші екенін де паш етті. Нью-Йорктегі "Barclays center” стадионында "Арнау" атты концерт беруді жоспарлаған әнші жарнамалық роликтен үзін жариялады.

Сонымен қатар, ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Америкадағы жеке концертіне байланысты қызықты жазба қалдырған.

"Америкадағы концертке дайындалудамыз. Сіздерді не күтіп тұрғанын білмейсіздер",- деп жазды Димаш.
Димаш 10 желтоқсанда "Barclays center” стадионында жеке концерт өткізеді. Бұл алаңда әлемдік беделі бар Пол Маккартни, Элтон Джон, Селин Дион, Ариана Гранде, Крис Браун, Backstreet Boys, Рианна, Jay-Z және басқа да жұлдыздар өнер көрсеткен.

Әншінің парақшасында жеке концерттің билеттерін сату күні мен уақыты белгілі болды.

Сатылым алдындағы кезең (Pre-sales) 24 сағатқа созылады. Яғни, 10 қыркүйек сағат 10:00-де басталып, 12 қыркүйек сағат 22:00-ге дейін жалғасады.
Бұл уақытта тек қана белгілі бір топқа (жанкүйерлер, карта ұстаушылар, команда және т.б.) билеттер сатыла бастайды.

Ал көпшілік қауымға 13 қыркүйекте таңғы сағат 10:00-де сайтта басталады.