«Соғысқа жол жоқ!»: Айқын Төлепберген украиналықтарды қолдап ән айтты

0
1 522

«Мұның ешбірі сұраусыз қалмайды»


«Соғысқа жол жоқ!»: Айқын Төлепберген украиналықтарды қолдап ән айтты

Танымал отандық әнші Айқын Төлепберген Украина мен Ресей арасындағы соғысқа қатысты пікірін білдірді. Ол әнімен украиналықтарды қолдап, ресейліктерді үйлеріне қайтуға шақырды. Украин тіліндегі әнді шырқау арқылы өз шындығын жеткізгісі келді.

"Қазір Украинада болып жатқан жағдайға ешқандай ақталу жоқ!!! Балалардың, әйелдердің, бейбіт тұрғындардың, тіпті, толыққанды соғысуға аттандырған әскерилердің (екі жақтың да) өмірін қиюға ешкімнің де құқығы жоқ! Мен Ресей бауырлас елге мәжбүрлі түрде шабуыл жасады дейтіндерге мүсіркеп қараймын. Естеріңізде болсын, ядролық державаға ешкім ешқашан шабуыл жасамайды!!! Мұның бәрі ертегі және насихат!!! Мұның бәрі дұрыс емес және ешбірі сұраусыз қалмайды. Барлығы үшін әйтеуір бір төлем айырылысатын кез келеді. Дегенмен есеп айырысу басталып та қойды. Соғысқа жол жоқ! Украиналықтар, мықты болыңыздар! Қазақстан сіздермен бірге! Ал ресейліктерге айтарым, үйлеріңізге қайтыңыздар! Бұл сіздердің соғыс емес!!!" - дейді әнші.



Ал желідегілер «Әншілердің арасында да осылай пікір айтатындар бар екен ғой. Ертең біздің елге басып кірсе бірінші қашатын сол блогер, әншісымақтар ғой, халықтың арқасында жетістікке жетті, сол халқын ертең қорғауға да шыға алмайды. Өкінішті…», «Менің жүрегім ауырады», «Өте әсерлі айтып шықтың» деген сияқты пікірлерін қалдыруда.