"Сол кезде ғана бақыттың дәмін татасыз": Айнұр Тұрсынбаева бақытты әйел болудың жолын айтты

0
6 261

"ЕҢ БАҚЫТТЫ ӘЙЕЛ КІМ ЕКЕНІН БІЛЕСІЗ БЕ?​"


Атақты айтыскер Айнұр Тұрсынбаева ең бақытты әйелдің қандай болатынын айтты.

Соңғы жылдары психологиямен айналысып, мотиватор болып жүрген ақынның ойынша ең бақытты әйел "Өзінің әйел болып жаратылғанына қуана білетін әйел" екен. Бұл туралы ол өзінің инстаграм парақшасында жариялады.

Айнұр Тұрсынбаева: "ЕҢ БАҚЫТТЫ ӘЙЕЛ КІМ ЕКЕНІН БІЛЕСІЗ БЕ?

Ол - өзінің әйел болып жаратылғанына қуана білетін әйел. Өзін толық танитын, не үшін жаратылғанын, өзіне не керек екенін, ненің оның табиғатына сай емес екенін түсіне білетін әйел...

Өзінің жаратылысына, әйелдік болмысына риза болған әйел бақытты жар, бақытты ана, бақытты тұлға болады... Ол үйінің де кез келген ісін қиналмай атқарады, күйеуінің де тапсырмаларын қуана жүріп орындайды, балаларын да қуана жүріп тәрбиелеп, айналасына да бақыт пен қуанышты шаша алады...

Сіз өзіңізді шынайы қабылдап, Алла жаратқан өз болмысыңызды толық қабылдаған кезде және шын мәнінде әйел адамның «үйдің бүкіл проблемасын мойнына алып алған бейшара» емес екенін шын түсінген кезде әйел болып туғаныңызға қуанатын боласыз... Және сол сәттен бастап бұған дейін қиын болып көрінген бүкіл істер Сізге керісінше ләззат, қуаныш сыйлайтын болады...

Сол кезде ғана сіз бақыттың дәмін татасыз және өзгелерді бақытты ете аласыз...".

Көпшілік айтыскердің ойымен келісетін сияқты. Оған жазбаға жазылған пікірлер дәлел бола алады. "Орынды сөз екенін" айтқан оқырмандары өздерінің бақытты әйел екендерін, кейбірі бақытты болуыға тырысып жүргендерін айтқан.

Арасында Айнұр Тұрсынбаеваның өзіне "Сіз өзіңізді бақытты әйелмін деп есептейсіз бе?" деген де сұрақтар бар екен. Бірақ ақын қыз ол пікірлерге жауап бермеген. Дегенмен оның әлеуметтік желідегі парақшасына қарап "Бақытына шүкірлік ететін әйел" екенін аңғару қиын емес.

Соңғы уақытта әйел адамдардың көпшілігі өзін іздеумен, танумен айналысып жүр. Бұл жағдай бәлкім алдағы уақытта бақыттылардың қатарын арттыратын шығар?! Ал, сіз өзіңізді таптыңыз ба?