"СОНЫМЕН АУЫРЫП ЖҮРМІН ҚАЗІР": Мейрамбек Беспаев соңғы анализдерінің қорытындысын айтты

0
5 250

Мейрамбек Беспаев жылына екі рет міндетті түрде денсаулығын тексерістен өткізеді.


Фото: ғаламтордағы ашық дереккөзден

"МузАрт" тобының әншісі Мейрамбек Беспаев өзге әріптестерінен қалыс қалмай, отандық кино түсіруді жоспарлаған. Дайындық үстіндегі туындының басқалардан өзгешелігі жанрында. Ақша табу басты мақсатым емес деп, ақталған әншінің көптен бері арманы тарихи туынды шығару екен. Бұл туралы әнші Хабар арнасындағы "Ережесіз әңгіме " бағдарламасында айтты.

"Мен кино түсіргім келіп жүр. Фильм болғанда да мен енді, комедия, басқа да жанрда емес, ақша табу үшін емес, тарихи кино түсіргім келіп жүр. Армандап жүрмін, бірақ, Ақберген Елгезек деген досым, ақын жігіт, драматург. Қазір көбіне сценарий жазады. Сол жігітпен ақылдасып, бір үлкен дүние жасасақ па деп жатырмыз тарихаи. Соған қазір бір жыл болды дайындалып жатқаныма. Әйтеуір қол жеткізе алсақ жақсы болар еді. Сонымен ауырып жүрмін қазір. Естай бабамыз туралы", - деп өзінің арманымен бөлісті.

Сондай-ақ, әнші денсаулығының қалыптылығын алты ай сайын тексерістен өткізіп тұратынын жеткізді. Соңғы рет Сеул қаласында арнайы барып, қойылған диагнозының асқынбағанына көз жеткізіп келген.

"Мен жылына екі рет міндетті түрде қаралып тұрамын. Өйткені, мынау "зоб" деген сондай ауру ол, міндетті түрде қаралып тұру керек болады. Осы жолы бір шаруалармен бардым, бір шетінен сол қаралып келейін дедім. Бәрі жақсы екен. Құдайға шүкір. Бүгін сол анализдің жауабы келді. Бәрі тамаша, бәрі орнында. Уайымдайтын ешнарсе жоқ екен",- деді Мейрамбек Бесбаев.

ERNUR.KZ