«Сөзі сүйегімнен өтті»: Ырысбала Икрамбай өзін балағаттаған адамды кешірім сұратқызды

0
3 220

«Желге қарай шаптырмасын олай!»


«Сөзі сүйегімнен өтті»: Ырысбала Икрамбай өзін балағаттаған адамды кешірім сұратқызды

Белгілі блогер Ырысбала Икрамбай тікелей эфирде отырған кезінде бір оқырманы оған “жал.п” деп жазып жібереді. Олай деп қаралауына блогердің атынан ашылған жалған парақшада көрсетілген нөмірге 5 мың теңге аударып, алданып қалғаны себеп болыпты. Эфир біте салысымен Ырысбала ол адамның барлық байланыс номерін, қай жерде жұмыс жасайтынын, жолдасының номерін тауып алып, «Неге олай айтасыз?» деп келісімге келуге шақырады. Бірақ кешірім сұраудың орнына ол адамдар блогерге қарсы сөз жаза бастайды. Сөйтіп, Ырысбала таң ата сала, жаман пікір жазған адамның үйіне, Түркістан облысы, Сұлтанбек Қожанов ауылына полиция қызметкерін ертіп барды.


Ырысбала Икрамбай сториздерінде «Түркістанға бірінші рет бара жатырмын. Осындай жағдаймен бара жатқаныма өте ыңғайсызданып отырмын. Сұлтанбек Қожанов ауылында тұрады екен. Қазір осы жердің учаскелік полицейін күтіп тұрмын» деп видео қалдырды.


Ары қарай екі тараптың әңгімесін салып отырды.

– Көпшіліктен қорқады екенсіздер, онда неге көпшіліктің алдында жала жабасыздар?! Сабыр сақтамаймын. Мен түнде сабыр сақтап айтқанмын. Бұлай ушықтырмай түнде мәмілеге келіп «Қарындасым, айыпқа бұйырма!» дегенде 260 км-ден 3 айлық қызыммен келмес едім. Мен қазаққа қандай да бір пайдам тисем деп жүрген адаммын. Мен бір қауым елдің келімінімін. Біреудің некелі жарымын. Бүткіл қазақ басына көтеріп отырған қызбын. Желге қарай шаптырмасын олай! Сіздің де немереңіз бар. Немереңізді солай "Жезөекше" деп айтса қалай боласыз?! Сіз ұлды, қызды сол үшін тәрбиелеп отырсыз ба? Дүйім қазақтың алдында мені «Жезөкше» деп қараласын деп туған жоқ әке-шешем. Әркімнің астына бір салып берсін деп тәрбиелеген жоқ. Көпшіліктің адамы деп солай айта беруге бола ма? Түнде адам сияқты жаздым. Сол кезде көкбеттікке салынып, «Блогерді соттау керек» деп жаздыңыздар? - деп ішіндегі ашу-ызасын айтты блогер.



Қарсы тарап блогерден кешірім сұрап, мәмілеге келуге тырысты.


«Халқым, мен обалдың не екенін білемін. Сол үшін де өзінің, күйеуінің телефон нөмірін тауып, ақырындап сыйлап ескертіп жаздым. Соттау керек блогерді деп кеуделерін керді. Олардың обалы бар, бізде обал жоқ па?! Әрқайсысы жаласын жауып, қаралай берсе, біздің неміз қалады? Менде де жүрек бар, мен де анамын, мен де келінмін. Мені аңдып отырғандар бар бір жерін ашып, сол керек өзіне деп. Сөзі сүйегімнен өтіп отыр», - деді Ы.Икрамбай.


«Ағайын-туысыңды жинамақ түгілі ауылыңды жинасаң да кешірмеймін деп тұрған едім, балалардың көз-жасы үшін ғана кешірдім. Ауызға абай болайық! Он күнәнің тоғызы тілден» деп соңында екі жақ келісімге келіп тарқасты.


Сотқа арыз жазамын деп еді, кешірім сұрағаннан кейін әріге апармай кешірімін берді.


Блогер бұдан кейін өзіне «Алаяқ» деп жазған Жүсіпов Аязхан Рахманович есімді Түркістан облысы, Мақтарал ауданы, Ынтымақ ауылдық округі Құрбан ата ауылының тұрғынына «Ата сақалыңыз ауызға түсер уақытта ауызға ие болыңыз!» деп сөзіне жауап беретінін ескертіп жазды.