«Стамбулда ойламаған жерден егізді болдық» : Нұрболхан Шарапов шетелде қызды болғанын сүйіншіледі

0
2 907

«Енді менде үш қыз».


«Стамбулда ойламаған жерден егізді болдық» : Нұрболхан Шарапов шетелде қызды болғанын сүйіншіледі

Белгілі әзілкеш, кино әртісі Нұрболхан Шарап жуырда ғана отбасымен Аланьяға демалысқа барғанын, ата-анасын да ертіп барғысы келгенін, бірақ, үй үлкендерінің ауырып қалуына байланысты тек жары мен бала-шағасын апарғаны туралы жазған болатын.


Енді сол жақта қызды болғанын сүйіншілеп пост жазды.

«Сүйiншi, ағайын!Ойламаған жерден егiз қыздарым Стамбулда дүниеге келдi. Ендi менде 3 қыз. Аллаһ бере салғандарым! Жағдай қалай болғанын жазуға уақыт болмай тұр. Әзiрге құттықтау жаза берiңiздершi. Сосын, арнайы пост жазып түсiндiрермiн. Сәби сүйгiсi кеп жүргендерге егiзiмен бұйырсын! Аллаһқа шүкiр, қуаныштымын», - деді актер.


Ол сонымен бірге өз сторисінде Стамбулдың ауруханасында толық медициналық тексеруден өткенін айтып видео бөлісті. Онда ол Түркияның ауруханасы – супермаркет сияқты екенін айтты.


Әзілкештің оқырмандары «Балапанның бауы берік болсын!», «Алла қызғалдақтарыңның денін сау, ғұмырын ұзақ қылсын», «Шын жүректен құттықтаймын. Аллаға шүкір. Кішкентайлардың бауы берік болсын. Сен үшін қуаныштымын. Аман есен елге оралыңдар!» деп жарыса жазып жатыр.