"Сүйеміз шегінсең де!": Танымал айтыскер Головкинге жыр арнады

0
3 787

Айтыскер ақын Генадий Головкинге жыр арнады.


Батыр ұлдың жеңілісінен кейін еліміздің халқы оған деген құрметі мен қолдауын желі арқылы жеткізіп жатыр. Олардың қатарында ел алдында жүрген танымал тұлғалар да бар. Солардың бірі, халықтың сүйікті айтыскер қызы Айнұр Тұрсынбаева инстаграм парақшасына Головкинге арнаған өлеңін жариялады.

aidyn_nury: "Қаратқан бар әлемді...
Жаратқан бақытты ұл ғып..
Генаға тілекші боп,
Азанмен атып тұрдық...
____________________
Жеңер деп сеніп тұрдық,
Сенімді серік қылдық..
Қайтпайтын мінезіңді,
Көзіңнен көріп тұрдық..
____________________
Алашым сенген ұлсың!
Еленсін еңбегің шын..
Қаншама жеңістерді,
Қазаққа берген ұлсың...
____________________
Тірегің xалық сенің.
Сағынып қалыпты елің..
Орысты, кәрісті емес,
Қазақты дәріптедің...
______________________
Руx бар ерім сенде!
Сүйеміз шегінсең де!
Біз үшін жеңімпазсың!
Жеңсең де, жеңілсең де..
__________________
Көрінді таза күшің!
Демеу күт өр алаштан..
Генажан қазақ үшін,
Батыр жоқ сенен асқан!
Жақын жоқ сенен асқан!!!
".

Тебірентерлік өлеңді оқыған желі оқырмандары "Гена тек алға, өксігін баса алмай жылап отырған намысшыл жас өркендерді көріп жүрегім аурып кетті, жігіттің басынан нелер келіп, нелер кетпейді? Генаның түрін, көзін көріп, жүрегі ауырғандар бар шығар?! Мойыма Гена халқың сені қатты жақсы көреді", "Генажан, сен ең мыкты азаматсың! Мұнайма, сен әркашан біз ушін чемпионсың!", "Туған еліңе деген тап-таза жүрегіңнен айналдық, Гена! Біз үшін жеңіс сенікі! Қазақ елінің көк байрағын желбіреткен жеңістерің үшін саған рақмет! Жұлдызың жарқырай берсін!" деген сынды қолдау хаттарын толастатар емес...

Біз де халықтың ұлына тілеулеспіз!

Фото: aidyn_nury

ERNUR.KZ