«Сүймейтін адамды қалай ұстайсың?!»: Жұлдыз Өмірғалидың отбасылық өмірінің шындығы қандай?

0
4 547

«Өзім әкесіз өскендіктен, балаларынан бөлмеймін»


«Сүймейтін адамды қалай ұстайсың?!»: Жұлдыз Өмірғалидың отбасылық өмірінің шындығы қандай?

«Жетінші арнадағы» «Жұлдыздың жары» бағдарламасында әнші Айқын Төлепбергеннің жары Жұлдыз Өмірғали барлық сұрақтарға ашық жауап берді.

«Мен Әселдің орнында болсам, сүймейтін адамды қалай ұстайсың?! Мен Айқынға қазірден «Басқаны сүйіп қалсаң, маған айт» деймін. Себебі, біз тек ерлі-зайыпты емес, доспыз да. Айқын Әсел мен балаларының жағдайын жасап тұрады. Коттеджі және пәтері, ұл-қыздарына қалдырған мұраларына бар. Ай сайын қаржылай көмектесіп тұрады. Балаларынан бөлмеймін. Өзім әкесіз өскендіктен, олардың ортасына кедергі болмаймын», - деді жұлдызды күйеудің жары.


Жұлдыздың айтуынша, Әселге Айқын өзі жеткізіп, ажырасу процесін өзі бастап беріпті.

–Мен басында білген жоқпын. 2015 жылы қазан айында басталды. Мен өнерде ешкіммен тығыз араласқан емеспін. KeshYOU-да үш қыздың ортасында әнімді айтам да, кетемін. Әселмен кездескен жоқпын. Кездескім де келмейді. Әсел біраз уақыт күресті. Қазіргі таңда Айқын бірінші әйелімен балалары үшін араласады. Ол кісі тұрмыс құрған жоқ. Құрмайтын да шығар. Айқын «өзім әніммен ұзатамын» деп әзілдегені бар. Бірақ, адамның ішіне кіріп, ойын біле алмайсың ғой, - дейді Ж.Өмірғали.

Бұдан өзге, жұлдызды жар өзіне жеке ән жаздыруға күйеуінің қарсы екенін, қызғанатынын айтып қалды.

«Ол іздегенін менен тапты, мен одан таптым. Оның махаббаты артпаса, кеміген жоқ. Бір-бірімізді қатты еркелетеміз», - деп ағынан жарылды.