"Сұлтан Бейбарысқа ұқсап тұрсың": Қайрат Нұртастың жаңа образы елді таңқалдырды

0
2 061

Әнші Қайрат Нұртастың жаңа образымен оқырмандары танымай қалды.


Ол әлеуметтік желіге қолында шылымы, үлкен сақалмен түскен суретін жариялады. "Ертең менен жақсы жаңалық күтесіздер-ау" деп жазып, оқырманды қызықтырып қойды.


Желі қолданушылары әншінің бұл образына таласып пікір жазып жатыр. Бірі "түрік актерлеріне ұқсайсыз", "әдемі жарасып тұр" деп мақтап жатса, енді бірқатары "бандиттер сияқтысың", "кәрі көрініп тұрсың", "еріккен, түк те жараспайды" деп жағымсыз пікірлер жазып жатыр.



Кейбіреулері әншіні "түрік сериалына түсіп жатыр" деп жорамалдап жазды. Қайрат Нұртас бұл образы туралы жаңалығымен жақында бөлісетінін айтты.