"Суырып салмалығым қалай екен?": Балғынбек Имашевпен айтысқан Сәкен Майғазиев елді тәнті етті

0
2 187

"Суырып салмалығым қалай екен?" – деді әнші.


Сәкен Майғазиев оқырмандарына суырып салмалық өнерін көрсетіп, таң қалдырды. Ол өзінің 2013 жылы айтыскер Балғынбек Имашевпен айтысын жариялап, ұнаса Серікзат Дүйсенғазинмен де өлеңін жариялайтынын айтқан.

Сәкен Майғазиев: "2013 жылдың 27 шілдесінде немере інім Роман ұлды болды. "Твиттер" желісі арқылы жаhанға жар салып сүйінші сұрадым. Ақын емес пе, сүйіншіме @balgynbek_imash Балғынбек:

- Өмірге ұрпағы кеп Майғазының,
Ақындар шашу етсін тойға жырын.
Оразада дұға етек ықыласпен,
Үлкені сол емес пе байғазының - депті.
Мен қарап тұрам ба :
- АЛЛАға құлшылықтан үзбен қолды,
Ақ бата, ақ тілектер жүзден болды.
Майғазының ұрпағы кеп жатқанда,
Байғазының төресі сізден болды.
Содан Балғынбек перзент күтіп жүргенімізге 15 жыл болған жұбайым екеумізге де сәби тілеп, Балғынбек өлеңмен өрілтіп, Романның да Сәкен ағасы перзентті болып, енді Роман ҚАЗАҚ халқынан сүйінші сұрауды жазсын деп жазыпты.
Мен:
Тірлігің тәубеменен тұрақ табар,
Дос көп болсын сүйінші сұрап барар.
Aл Романның сүйінші сұрауына,
АЛЛА жазса, әлі де бір апта бар.
Балғынбек :
Онда бізге бір апта сабыр берсін,
Салиқалы сәбиді ТӘҢІР берсін.
Жеңешеміз жеңілдеп қадір түні,
Дүниеге не Ләйлә, не Қадір келсін.
ҚҰДАЙдың құдіреті, АЛЛА аузымызға салғандай тура бір аптадан кейін, 3 тамыз күні Раянам дүниеге келген. Сүйінші сұрап, бір бірімізге жақсылық жолдауды ғана нәсіп етсінші. Суырып салмалығым қалай екен? Болады десеңіздер Серікзатпен @serikzat_duisengazy айтысымды жариялаймын".

Мұны оқыған әлеуметтік желі оқырмандары оның сөзшеңдігі мен тапқырлығына тәнті болуда.

Сонымен қатар олар әншіге ұлды болуын тілеп, "Сүйінші сұрайтын күн тусын", "Ұлды болып, сүйінші сұраңыз" деген сынды тілектерін жазып жатыр.