"Сырласатын түндер қайда?": Ашық образбен сурет жариялаған Мадина Сәдуақасова кімге ән арнады?

0
5 394

Әнші тыңдармандарын алаңдатып қойды.


Соңғы кезде Мадина Сәдуақасованың жеке өмірі жұртты алаңдатып қойған болатын. Оған себеп - күйеуі туралы әңгімені айтқысы келмегені.

Ал бүгінгі жазбасы тіпті ұшықтырған секілді. Себебі өзінің Мысырда түскен суреттерінмен Мәдина Сәдуақасова соңғы жазбасына мұңлы махаббат туралы өлең жариялаған.

"Махаббатпен мұңдасатын,
Сырласатын түндер қайда?
Сен мен үшін,
Мен сен үшін,
Ең жақын болған күндер қайда?
Сүйіп қалып,
Күйіп жанып өртенетін кездер қайда?
Ақ сезіммен,
Пәк сезіммен сүйем деген сөздерің қайда?
" - дейді әнші.

Оның өлеңі мен суретін көрген оқырмандары сынай жөнелген. "Жасыңыз келсе де, ашық киінуге неге құмарсыз?", "Осылай фотоға түсе берсең, Камшаттан еш айырмашылығың қалмайды. Ашық-шашық фотоға түсіп болашақ жастарға қандай үлгі боласыңдар? Сендерге қарап еліктейтін жастардың санасы ойы өзгеріп бара жатыр" дегендер әншіге деген өкпе-реніштерін төккен.