«Тамараның жағдайында бұл 1000 еселенген бақыт!»: Эстрада жұлдыздары Тамара Асардың қызды болғанын айтып, сүйіншілеуде

0
1 338

Көптен күткен қызы дүниеге келетіні жайында жұлдызды әншіге түсінде аян беріпті.


«Тамараның жағдайында бұл  1000 еселенген бақыт!»: Эстрада жұлдыздары Тамара Асардың қызды болғанын айтып, сүйіншілеуде

Тамара Асардың өмірінде қуанышты жаңалықтар көбеюде.

Инстаграм әлеуметтік желісі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, әнші @tamara_assar_official екінші сәбиін дүниеге әкелгені туралы қуанышты жаңалыққа толды.

2 қыркүйек күні қазақ сахнасының сұлу Тамарасы тәп-тәтті қызды өмірге әкелді. Естеріңізде болса, қазақ ән өнерінің ерке қызы 15 шілде күні Жұмаш атты кәсіпкер жігітпен тұрмыс құрғаны туралы айтқан еді. Енді Ажар Жұмашқызының жарық дүние есігін ашуы желідегі оқырмандарды тіпті қуантып тастады.

tamara_assar_official өз парақшасында сәбиі болатыны туралы түсінде аян бергенін жазды. Түсінде: «әнші Қарақат Әбілдинаның шаңырағына барғалы жатқанда анасы үйінде әке мен шешеден көз болған бір пальтоны кигізіп, «жылуы мен сұлуын жоғалтпаған әдемі бәлтені киіп шықсаң, саған бүкіл ел қызығатын шығар» деп кигізіп тұрып:

–Мәәә, құйып қойғандай шап-шақ екен, жараса қалды, - деді де, қатты құшақтап тұрып, бетіме тіке қарады да, есікті өзі ашып, көзімен, қолымен жол көрсеткендей болды.

ТҮСІМ ЕКЕН.

Оянып кетіп, төбеге қарап ойланып,өздігімнен күбірлеп,түсімді жори бастадым: Қарақат көп балалы, анасы да көп балалы, менің шешем де алты баланы өмірге әкелген, оның үстіне жас күніндегі пальтосын маған кигізгеніне қарағанда… МЕН ДЕ… ШЫН БА? - дедім де қуанғаннан көзімнен жасым мөлт еткіздім…

Өмірге бұйырса бүгін Ажар Жұмашқызы келді… шүкір Аллаға», - деп жазды әнші.

«Жүрегім жарылып кетер ме дедім ! Қатты қуандым!»


Бұл Тамараның түсіне кірген досы Қарақат Әбілдинаның (karakat_a)

жазбасы.

–Ақ Томиым! Жаным! Досым-аааау! Бөпеңнің бауы берік болсын, алтыным !

Бұл – керемет қуаныш! Бұл не деген бақыт! Қамбарыңның қарындасы, балаңның бауыры келді өмірге! Алла ұлық! Жүрек елжіреп сала берсеші, шіркін-аааай! Бала деген бақыт қой. Тамараның жағдайында бұл деген 1000 еселенген бақыт! Аллаға шүкір!

Бәсе дейм-ау, «Бір пост жазып қойдым. Жақында салам. Өзің де барсың ішінде» деп еді. «Аааа» деп таңданып қала бергем. Түс деген – тылсым ғой . Әз Пайғамбар да талай істің болар бағытын түсінде көріп болжаған екен. Томи да көрген түсін түсіне қойып, осылай деп жорыған екен, айнымай келді. Осыдан кейін Алланың құдіретіне сенбей көр! – деп ағынан жарылды ол.

Сонымен бірге эстрада жұлдызы Гүлнұр Оразымбетова (gulnurorazymbetova): «Қазақ сахнасының сұлу Тамарасы тәп-тәтті қызды өмірге әкелді. Керемет әшекейлеріңді тағатын қызың болсыншы деген тілегіміз қабыл болды! Құтты болсын,Томиім!
Маған жұғысты болсын! Әумин!» деген құттықтау жазбасын арнады.

Әншінің оқырмандары бірінен соң бірі жарыса құттықтауда. «Тамаражан,бүкіл ел боп қуанып жатырмыз», «Құтты болсын, бұл бір ғажап іс болды», «Қамбар батыр, қарындасың құтты болсын! Анаң аман болып, осындай ерлігін тағы қайталай берсін!» деген сыңайлы пікірлер де айтылып жатыр.