"Таң намазына қарсы түс көремін": Ақбота-Нұр өзінің ерекше қасиеті бар екенін айтты

0
2 542

Айтуынша, әжесіне дарыған қасиет.


Белгілі әнші, актриса Ақбота-Нұр өзінің ерекше қасиеті бар екенін айтты. Отандық телеарнадағы "Қызық Times" бағдарламасына әріптестерімен бірге келген Ақбота-Нұр осы жылы хит болған "Маған назар аудар" фильмі туралы айтып, қызықты сәттерін еске алды.

Бағдарлама жүргізушілері оларға "Түс жору" кітабын сыйлған кезде әріптестері Ақболат Өтебай мен Мадина Оспанова бірден ол сыйлықтың иесі Ақбота-Нұр екенін айтты. Өйткені Ақбота-Нұр түсті жиі көреді және көбі өмірде орындалып жатады екен.

Әншінің өзі бұл туралы, "Әжемнен келген сондай қасиет бар. Таң намазына жақын көп түс көремін. Оның бәрін айтсам таң атады" деп қысқа қайырды.