Танымал актердің тойдағы биі желіні жарды

0
856

Желі қолданушысы: "Сақалы ағарған кісілердің бұндай қылығы ерсі көрінеді ғой".


Танымал актердің тойдағы биі желіні жарды

Белгілі кино және театр актері Бахтияр Қожаның тойда билеген видеосы тарап, көпшіліктің талқысына түсті.

Желі қолданушысы бейне жазбаны, "Би билегенде тұрған ештеңе жоқ. Жарасымды жақсы билеп жүр. Тойға не үшін барады билеп, көңіл көтермесе?! Билесін! Жас тұғырдан түсіп тұрған жоқ" деген жазбамен бірге жариялады.


Бұл видеоны көрген оқырмандар пікірі екіге бөлініп, таласқа түсуде. Олардың бір тарабы - билегеннің әбестігі жоқ десе, екінші тарап - оның жасына сай келмейді деуде.

"Биі жарасымды, бірақ елдің көзінше жабысып қоймай қойды ғой. Сақалы ағарған үлкен кісілердің бұндай қылығы ерсі көрінеді ғой бізге", "Басқа біреудің келіншегі болса бұлай билеген дұрыс емес деп санаймын. Өзгенің әйелінің белін ұстаған болмайды" дейді оқырмандардың көп бөлігі.