Танымал режиссер ӨЗ ӘЙЕЛІНЕ 25 жылдан соң ТІЗЕРЛЕП ұсыныс жасады

0
4 024

Ол неге енді ғана ұсыныс жасап жатыр?


Танымал режиссер ӨЗ ӘЙЕЛІНЕ 25 жылдан соң ТІЗЕРЛЕП ұсыныс жасады

Фото: Баян Алагөзованың инстаграм парақшасынан скриншот

Белгілі продюсер әрі режиссер Алтынбек Рахметов сүйіктісіне тізерлеп отырып ұсыныс жасады. Продюсердің бұл әрекеті әріптесі Баян Мақсатқызының елмен бөліскен видеожазбасында байқалған.

Жарты ғасыр жасағанын атап өткен Алтынбек Рахметов өзінің 25 жыл отасқан жан-жарына, келесі ширек ғасырын да өзімен бірге өткізуіне ұсыныс жасады.

«Біз 25 жыл отастық. Менің қасымда келесі 25 жылды бірге өмір сүруге ұсыныс жасағым келеді. Мен, тіпті, сақина да сатып алдым. Бұрын дәл осылай ұсыныс жасай алмағанмын, ендң міне, 25 жыл өткеннен кейін мүмкіндік туып тұр. Алмагүл, алдағы 25 жыл бойы менімен бірге өмір кешуге дайынсың ба?», - деп ұсыныс білдірді.

Ширек ғасыр бір шаңырақ астында өмір сүріп келген продюсердің аяулы жары, күйеуінің ұсынысына «ИӘ» деп жауап берді.

Алтынбек Рахметов туған күнімен құттықтап, қуанышымен бөліскен эстрада жұлдыздары да бұл отбасылық тарихи сәттің куәсі болды.

ERNUR.KZ