Танымал журналист жүкті әйелінің ішін ұстап суретке түсетін жігіттерді түсіне алмайтынын айтты

0
2 380

Танымал журналист Гүлбағыш Бостан қазіргі таңда сәнге айналған жүкті әйелдердің ішін ұстап суретке түсетін жігіттерді түсіне алмай жүргенін айтты.


Танымал журналист жүкті әйелінің ішін ұстап суретке түсетін жігіттерді түсіне алмайтынын айтты

Танымал журналист Гүлбағыш Бостан қазіргі таңда сәнге айналған жүкті әйелдердің ішін ұстап суретке түсетін жігіттерді түсіне алмай жүргенін айтты.

Бұл пікірін Гүлбағыш Бостан өзінің фейсбук парақшасына жариялады: "Қазір ватсапта неше түрлі топтарымыз бар ғой. Соған бір ініміз келіннің ішін құшақтап тұрып түскен суретін салыпты. Астында "бірдеңе, бірдеңе, осы бақытты бұйыртқан жаным саған рахмет" деп жазып қойыпты. Жүктілік деген жақсы ғой, бірақ келіннің шартиып тұрған ішін, оған тізерлеп алып құшақтап отырған жігітті көргенде шынымды айтсам, бүртүрлі болдым. Әйелдің ең әдемі кезеңі дейміз ғой, бірақ өзім топ адаммен түскен суреттің арт жағында басым қылтиып тұратын. Ондағым ішімді жасырып тұрам. Жүкті кезімде төркінге бармай, осы бір ұят дүние жасап қойғандай ұялып, қашқақтап жүретін жыным бар. Білмеймін ғой жақсы ма, жаман ба? Қазір инстаграмды парақтап отырсам іштерін барынша алдыға салып, оны күйеулері сипап тұрған, сүйіп тұрған суреттерді көріп алып ұялайын. Не жындылық екенін білмеймін ғой, бірақ сол қанша жақсы дүние болса да ұят сияқты болып тұрады. Шешем жеңгелеріме "кеңірек киім ки, қайқаңдап жүріп алмай үйге тез қайт" деп отырады. Ондағысы көз тиеді, жел тиеді, сөз тиеді деп сақтандырғаны екен. Негізі келіншегінің ішін сипап еркелетіп отыру оңашада ғана істелетін іс сияқты болып тұрады" деген пікірімен бөлісті.

Мұны оқыған желі қолданушыларының бірі "Дұрыс айтасыз, келісем. Шетелдің желі ғой тиіп жатқан. Шетелдік әртістер ішін ашып, жарқыратып тұрып суретке түскен соң, біздікілер де көштен қалмайын деп жүрген сыңайлы. Шындығында, ол - көштен қалушылық емес, масқаралық болса керек" десе, екінші бір тобы "Солар ішін көрсетіп бала тапқанына шүкір дейік, мүмкін ой салар. Ішін көрсетпейтіндей қайбір ұят қалып еді. Артын көрсетіп түсіп жатыр емес пе?" деген ойымен қарсылықтары жоқ екенін білдіруде.

Шынында соңғы кезде танымал адамдардан бөлек, басқалар да аяғы ауыр жарларымен суретке түсіп оны әлеуметтік желілерге жариялайтын болған. Ол суреттердің көбінде жігіт әйелінің іші ұстап немесе сүйіп тұрады. Әсілінде бұл қылық қазақтың ер-азаматтарына жараспаса керек-ті.

Ал бұл жағдайға сіздің пікіріңіз қандай?

Фото: Г. Бостанның фейсбук парақшасынан алынды

ERNUR.KZ