Танымал әзілкеш Еркенің су жаңа бейнебаянын сынға алды

0
4 405

​Танымал әзілкеш Нұрболхан Шарапов Ерке Есмаханның су жаңа клипін сынға алды. Естеріңізде болса, екі күн бұрын тек хит әндер орындайтын Ерке Есмаханның "Аэропорт" деп аталатын бейнебаяны жарыққа шыққан болатын.


Танымал әзілкеш Еркенің су жаңа бейнебаянын сынға алды

Танымал әзілкеш Нұрболхан Шарапов Ерке Есмаханның су жаңа бейнебаянын сынға алды. Естеріңізде болса екі күн бұрын тек хит әндер орындайтын Ерке Есмаханның "Аэропорт" деп аталатын кезекті бейнебаяны жарыққа шыққан болатын.

Оны көрген жайдарманшы Нұрболхан өзінің инстаграм парақшасына төмендегідей пікір қалдырды.

@Nurbolkhan: "Ерке, көрдiм клипiңдi. Әнге клип түсiрдiңдер ма, әлде, әңгiмеге клип түсiрдiңдер ма? Сомен, басында не айтты анау бала? Әңгiме неден шықты? Неге ол баланы жұмыстан шығарып алдың? Неге дұрыстап ойнататын жiгiт алмадың, мен сияқты? Таксист ағам ғана өз рөлiн әдемi алып шыққан. Әңгiмелерiң сухой ғой. Клипты көргендер түсiнедi менi. Қазiр барып көрiп, сосын комментке өз ойларыңызды қалдырыңыздаршы. Жамандап емес, жеке пiкiрiңiздi қалдырыңыз...".


Бұны оқыған желі қолданушыларының басым бөлігі шынында ол бейнебаянды түсіне алмағандықтарын айтыпты. Бірақ ұнатып, Ерке ханымға тілектестік білдіргендер де жоқ емес. Ал өнерде жүрген әріптесінің әзілін оқыған Еркенің өзін де оған жауап жазуды ұмытпапты.


Екі күн бұрын жарияланған бейнебаянды қазір 620 мыңнан астам адам тамашалап, сүйікті әншілеріне жылы лебізін білдіріп жатыр.

Фото әлеуметтік желіден алынды.

ERNUR.KZ