«Тек жылаумен болдым»: Мақпал Исабекова ауыр диагнозға шалдыққанын айтты

0
2 701

«Зостер герпесі деген диагноз қойды»


«Тек жылаумен болдым»: Мақпал Исабекова ауыр диагнозға шалдыққанын айтты

Отандық танымал эстрада әншісі Мақпал Исабекова аяғы ауыр кезде ауыр сырқатпен ауырғанын айтып, жан сырын ақтарды. Әнші ақпан айының басында оң жақ көзінің ауырып, өзін жайсыз сезіне бастаған. Бұл жайсыздық келесі күні де тоқтамаған. Қайта үдей түсіпті. Содан қабағына, маңдайына безеулерпайда болып, тағы бір күннен кейін бетінің оң жақ жоғарғы бөлігі толықтай тері бөртпелеріне толып кетіпті. Ол қышып, мазасын алыпты. Оң жақ құлағының төменгі жағы да ісіп кетіпті.

«Аяғым ауыр болғандықтан уайымдай бастадым. Басымнан өтіп жатқан әрбір жағдай мені сары уайымға салып қойды. Ауруханаға бардық. Әуелі тіркеуде тұрған жергілікті акушер-гинекологқа бардым. Мені көз дәрігеріне бағыттады, ол көзбен байланысты нәрсе көріп тұрмағандығын, тек сәл суықтағанымды алға тартты. Сосын мен сараптама тапсырдым. Сараптама қорытындысына сәйкес, қандағы лейкоциттер жоғарылап кеткені анықталды. Менің жағдайым күн санап күрделене берді. Ал көңіл-күйім тіптен түсіп кетті, өйткені, мен іштегі балапан үшін уайымдадым. Қатты қышып, мазаны алғандықтан ұйықтай алмай қалдым. Оң жақ көзім қатты ісінгендіктен ашылмай қалды. Екіқабат кезде гормондардың ауытқуына байланысты тек жылаумен болдым. Лор дәрігеріне, терапевтке, инфекцониске, стоматлогқа да бардым. Барлығы тексере келе дәл сол органдарда бәрі дұрыс екенін айтты. Қандай да бір ем қабылдау керек дегенмен де, дәрігерлердің өзі мені қалай, немен емдейтінін білмеді. Нәтижесінде мені дерматологқа жіберді.

Ол маған Зостер герпесі деген диагноз қойды. Негізі герпес деген барлық адамда болады екен. Герпестің бұл түрі иммунитет түсіп кеткен кезде күшейеді деседі. Дәрігер мені екі аптадай иммунитетті күшейтетін дәрумендермен емдеді. Қазір сол бір кезеңді еске алуға қорқамын. Қазір, құдайға шүкір, бәрі жақсы. Жаралардың орны қалды. Жүкті әйелдерге айтарым, өзіңізді және балаңызды сақтаңыз», - дейді өнер иесі.



Ал әншінің оқырмандары «Бәрі жақсы болады», «Е, Алла, сізге және балаңызға Алла денсаулық берсін», «Мақпал, өзіңді күт!», «Ең бастысы, аман-есен босанып алсаң болды» деген сияқты пікірлерін жаудырды.