​«Тойда не айтсаң да билей береді»: продюсер Алуа Қонарова фонограммамен ән айтатындарды сынады

0
854

«Сахнаға, мерекелерге тек жанды дауыста ән айта алатын әншілерлі шығару керек»


​«Тойда не айтсаң да билей береді»: продюсер Алуа Қонарова фонограммамен ән айтатындарды сынады


Продюсер Алуа Қонарова «Инстаграмдағы» парақшасында киноға сценарий жазатын мамандарды сынға алды.


«Қазіргі шығып жатқан фильмдерді қарап шықтым. Сценарийдің сөздері жұтаң, диалогта сөздер аз. Тіл байлық деген қалған. Сол себепті көп диалогта «пауза» бар. Сценарийстердің көбі комедия жанрына «төселіп» алған. Басқа жанрға шақырсаң бейімделіп кете алмайды. Бәрі дей алмаймын, арасында жақсы, жас мамандар бар. Бірақ оларға тәжірибе жетіспейді. Осы жағы біздің киноматография саласының ең кемшін тұсы», - деді Алуа Қонарова.


Ол сондай-ақ, мемлекеттік мерекелерде, басқа да жиындарда той әндерін шырқайтын әншілерге шүйлікті.


«Менің құрбым ағылшын әншісі Эд Ширанның концертіне барыпты. Стадион толған, бәрі жанды дауыста, бір толқында әншіге қосылып, шырқап тұр. Ал біздің Алматы қаласының күнінде әншілер той әнімен, фонограммамен шығып жатыр. Былай істейікші, тойдың «фонерасын» тек тойға қалдырайық. Тойдағы адамдарға бәрібір, не айтсаң да билей береді. Ал ең сапалы әнлерді сахнаға шығарайық және оны тек жанды дауысты айтайық. Адамдарды ақымақ санамаңыздар! Фонограммамен ән шырқауды заңмен тыйым салуды талап етемін!» - деді белгілі продюсер.