"ТОЙҒА БАРАМ, БІР СИЫР АЛЫП КЕТЕМ": Дариға Бадықова ауылының жұлдызы болғанын айтты

0
3 366

Актриса Дариға Бадықова бала -бақшадағы кезінен тойда ән айтып, ақша тапқан


Фото: ғаламтордағы ашық дереккөзден

Жылдың үздік актрисасы атанған Дариға Бадықова мектеп шағында-ақ ауылының жұлдызы болған. Оның қатысуынсыз туған жерінде бір де бір той өтпепті. Жастайынан өнерге жақын болған әртіс, барған тойынан сиыр, жылқы алып кететін көрінеді. Ол бұл жайында "The Эфир" бағдарламасындағы Ләйлә Сұлтанқызымен болған сұхбатында айтты.

"Кішкентай садик кезден бастап мен ән айтамын. Сондай тәрбиелендім де, үшінші, төртінші сыныпқа келгенде ауылдың жұлдызы болдым ғой. Ешқандай той менсіз өтпейтін. Тойға барам бір сиыр алып кетем, жылқы алып кетем. Жетінші сыныбым бекен үй алдым, үй сыйлады маған. Сол нәрселер, маған сенім артып сол дүниелерді бергендігі, мен үшін сол кезде мәртебе болды. Сол бергеннәі барлығы құмға сіңгендей болмауы керек қой... Мысалы, тойда әнді ол кезде екі жүз теңгеге айтамын. Кейінен бес жүз болды. Столда сыйлықтар тұрады көп, оның ішінен кукла дегенді таңдамай шәй, кофе алып кетемін. Мамалар көршілерді жинап шәй берсе екен деп",- деп әртіс өзінің бала шағының қызығын айтып берді.

Сонымен бірге, қазақ кино саласындағы режисерларға да өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, қазақ кино индустриясында атап көрсететін режиссерлық мектеп жоқтың қасы. Дариға Бадықова мұның себебін продюсердің дегеніне тәуелділік деп түсіндірді.

"Былай ғой негізі, режиссерлар өзінің қалаған киносын түсірмейді. Продюссерға тәуелді ғой. Ақшаға тәуелді. Сіз айтасыз мынадай кино түсіріп бер деп. Гонарары мынадай дейді болды. Ал, өзінің киносын түсіретін болса, ол басқаша болады",- деді актриса.

ERNUR.KZ