"Тойып секіреді": Тәуекел Мүсілім 7 бөлімнен тұратын той жасайды

0
2 710

"Бұл 2020 жылдың ең керемет тойы болады", дейді той ұйымдастырушы.


Бұл туралы еліміздің аса танымал ивент-орталықтарының басшысы Жан Мұқанов мәлімдеді. Тәуекел Мүсілім оған өз тойын басынан аяғына дейін ұйымдастыруды сеніп тапсырған.

Белгілі продюсер өзінің Instagram парақшасында талай қыздың арманы болған актердің үйлену тойы қалай өтетінін тізбектеп жазып көрсеткен. Оған сәйкес, дүбірлі той жеті бөлімнен тұратынын белгілі болды:

1. LOVE STORY

2. Қызойнақ/Қалыңдықтың жиналуы

3. Ерлер отырысы/Күйеу жігіттің жиналуы

4. Некені рәсімдеу салтанаты

5. Үйлену тойы

6. After party

7. Бал айы.




Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды.

Жастарды жақтағандар бұл тойды "Көптен күткен керемет тойы болады", деп мақтауын асырды.

"Біреу тойып, біреу тоңып секіреді. Сонша шашылғаны несі. "Енді несіне жасайды, бірге тұрып жатқан соң. Халық қиналып жатқан кезде", "Карантинде іштері пысып, ойлап тапқандары шығар", "Ой, жетеу-ақ па? бізде 8 болған. 8-шісі - құдалық", "Санта-Барбара болады десейші" деген сынды пікір жазғандар да бар.