"Төмен жақты қашан шешесің?": Жанар Айжанова төсін жалаңаштайтын қызды аямады

0
7 999

Қазақтың жігіттері сенен не деп қорқады? Емшегіңді ашты деп қорқа ма, әлде жасанды деп қорқа ма?


Жалаңаш төсін көрсетуден ұялмайтын модель Динагүл Тасованы танымал әнші Жанар Айжанова сынның астына алды. Өнер иесі атышулы арудың "ашылатын-шашылатын" жастан баяғыда кеткенін бетіне басып, одан қанша жасқа дейін шешінбек ойы бар екенін сұрады Бұл туралы Аман Тасығанның Youtube каналында берген ашық сұхбатында айтты.

Жанар Айжанова ашық образдарымен танылған Тасоваға туралы не ойлайтынын еш бүкпесіз бетіне айтып тастады.

"Сенің жасың 29-да, кәрі қыздардың қатарындасың. Менің көзқарасымда ашылатын-шашылатын жастан кеттің. Тістегеннің аузында, ұстағанның қолында қазақтың қызы болсаң, кете беруге міндетті емессің. Мынаны көргеннен кейін міндетті түрде «уау» деп ана емшекті ұстап көргісі келеді. Бірақ, мен сенімді болып отырған жоқпын. Өзіңдікі ме? Өзіңдікі емес пе? Неге саған үлкен кеуде керек болып қалды?" , - деп сұрақтарын жаудырды Айжанова.

"Қанша жасқа дейін шешінесің? Жетпіс жасқа дейін шешінесің бе? Төмен жақты қашан шешесің? Төменгі жағын да тура осылай ашып шығатын болса, ол да сен үшін өнер боп тұр ғой? Шешінгенге көбірек төлейтінін білеміз. Тағы да көбірек төлейміз төменгі жағың да ашасың десе, шыға аласың ба? Батылың бара ма?" - деп сұрақтарын бастырмалатып қойған Жанар Айжановаға "мен білмеймін", деп күмілжігеннен басқа Динагүл жауап айта алмады.

Сондай-ақ Тасова өзіне сөз салатын жігіттердің басым бөлігі өзге ұлт екенін жасырмады. Себебін:

"Таза қазақи жігітке шығамын деп елестете алмаймын. Өйткені маған ылғи өзге ұлт өкілдерінің жігіттері жазады, батылы барып сөз салады. Ал қазақи жігіттер қорқа ма менен, әлде жақындай алмай ма білмедім", - деді.

Бірақ кейбір қазақ жігіттерінің жалаңаштанғаны үшін келіп қолын алып кететін айтқанда, Жанар Айжанова шыдай алмай, ойын тіке айтты:

"Емшегін ашқан қызды абырой көрді деп өтірік айтпа. Менің қасымда отыз жылдан асып кетті қазақтың мен деген азаматтары келе жатыр. Мынаны көрсе, әкеңнің аузын ... қолыммен өлтірер едім деп айтады. Қазақ туралы аузыңды байқап-байқап аш. Қазаққа тіл тигізген қыздың шашын жұламын. Қазақтың жігіті - керемет. Қазақтың жігіті - намыскер. Намысы жоқ сен сияқты шешінген қыздар оңды-солды сөйлейсіңдер. Адамның жынына тиме. Бағанадан бері мәймөңкелетіп отырмын қайтатын шығар деп. Қазақтың жігітіне, қазақ ұлтына әңгіме айтпа. Келістік пе? Қазақтың жігіттері сенен не деп қорқады? Емшегіңді ашты деп қорқа ма, әлде жасанды деп қорқа ма? Олардың сөз салғысы келмейді. Өзің сияқты көзқарасы бөлек шет елдің жігітіне шығып, біржола кетіп қалғаның дұрыс деп ойлаймын. Ол кезде еркін өмір сүресің. Сен болсаң да, сенің орныңда басқа қыз болса да қазақ туралы, салт-дәстүрі, жігіт, қызы туралы әңгіме айтқызбаймын", - деп Айжанова өз ойын ірікпей айтып салды.