Тоңазытқышта сыра мен шарап тұруы керек: Нағима Есқалиева болашақ келініне қояр талабын айтты (видео)

0
1 126

Басы бос бикештерге іздеу салған жұлдызды ененің келіндерге қояр талабы да дайын.


Тоңазытқышта сыра мен шарап тұруы керек: Нағима Есқалиева болашақ келініне қояр талабын айтты (видео)

ҚР Халық әртісі Есқалиева жалғыз ұлы Диас Аблаевтың шаңырақ көтеруін асыға күтіп жүр, деп хабарлайды ERNUR.KZ Shownews.kz-ке сілтеме жасап.

Нағима Есқалиеваның жалғыз ұлы әлі күнге дейін отағасы атануға асығар емес. Енді халық әртісі бойдақ сылқымдарға кастинг жариялауды көздеп отыр! Басы бос бикештерге іздеу салған жұлдызды ененің келіндерге қояр талабы да дайын.

«Ең бастысы жақсы адам болуы керек. Әрқашан таңертен міндеті түрде сыра, тоңазытқышта шарап тұруы керек. Сосын, ана деп мені алақанында ұстауы тиіс. Осындай келін керек. Ененің қасынан әрдайым табыла білуі керек, болды», -деді Нағима Есқалиева.

Диас Аблаев отандық шоу-бизнестегі сүрбойдақтар санатында. Бүгінде Есқалиеваның ұлы 33-тен асқан. Бірақ, осы уақыт аралығында бірде бір рет жеке өмірі жайлы тіс жарып, сүйіктісі бар-жоғын жұртқа жария етпеген. Тіпті анасына да болашақ қалыңдығы туралы сырын ашып айтпапты.

«Жасы 30-дан асса да қызбен жүргенін мүлдем көрген жоқпын. Қасында әдемі, тартымды аруды көрмедім. Ғашық болдым деген қызды да естіген жоқпын», – дейді Есқалиева.

«Мен әлі сүйгенімді кездестірмедім. Шын ғашық болған кезде шаңырақ көтеремін. Әзірге жүріп, қыдырып аламын. Сосын отбасын құрып бақытты өмір сүруді қалаймын», – деді Диас Аблаев.

Иә, Диас шаңырақ көтеруге құлықты емес. Өйткені, әншінің әлі күнге дейін бойдақ жүруінің де өзіндік себебі бар көрінеді. Бұған баласының бақыты үшін алаңдаған жұлдызда ананың жорамалы да бар.

«Ер жігіттер анасына ұқсайтын қыз іздейді. Бірақ ол мен сияқты аруды қайдан табады. Ондай жоқ қой. Сондықтан оған қиын. Розаның баласы да солай. Әлиде болашақ қалыңдығының анасына ұқсағанын қалайды. Не болса да үйленсінші», – деді Есқалиева.

Есқалиева бұрындары үйлену тақырыбын жиі талқыламайтын. Ал қазір ай-сайын ұлының есіне салып, тезірек келін әкелуін талап етеді екен. Себебі, өнердегі әріптестері сияқты Нағима да немере сүйіп, әже атануды аңсап жүр.

«Мен ұлыма бір айдың ішінде тек бір рет қана қашан үйленесің, деген сұрақ қоямын. Мен немере сүйгім келеді. Қатты күтіп жүрмін», – деді Нағима Есқалиева.


Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет