«Топастанграмм»: Ахметбек Нұрсила жұлдыздарды «шегірткеге» теңеді (видео)

0
745

Мұғалім, дәрігерлер, ғалымдар және кәсіпкерлер жұлдыз болуға тиіс.


«Топастанграмм»: Ахметбек Нұрсила жұлдыздарды «шегірткеге» теңеді (видео)

фото: ашықдереккөзден

Белгілі кәсіпкер, «Бизнес бастау» кәсіпкерлер мектебінің жетекшісі Ахметбек Нұрсила «Ашық алаң» бағдарламасында қазіргі шоу бизнес өкілдеріне өкпесін айтып, оларды «халықты топастандырып жатыр» деп айыптады. «Ашық алаң» бағдарламасында әлеуметтік желіде «жеңіл» бизнес, жасап, лоторея ойнатып жүргендердің жайы қозғалған болатын.

"Жұлдыз дегенді қайдан тауып алғандарын білмеймін, мен «шегіртке» деп атаймын оларды. Миллиондап оқырман жинап алған шетінен шегірткелер. Дамыған елдерде мұғалім, дәрігерлер, ғалымдар және кәсіпкерлер жұлдыз болуға тиіс. Біздікілердің халықты топастандырғаннан басқа еш пайдасы жоқ. Сол себепті мен «инстаграммның» атын «топастанграмм» деп қойдым қазір.

Ғалымдардың дәлелдеуі бойынша, 2013 жылдан бастап бүкіл адамзат топастанып бара жатыр. Соған ең бірінші кесел - гаджет. Өйткені, адамның естіген нәрсені ұғатын миы бар, көрген нәрсені ойланатын миы бар. Сол адам кемінде 20-25 минут ойланып отырмаса, мына ойланатын миы дамымай қалады екен. Ал біз 10-15 минут сайын анау не салды екен, мынау не салды екен деп қараймыз. WhatsApp, әсіресе, Instagram ол "топастанграмм" және де екінші топастанатыны арзан контентті алған адамның ойланатын миы дамымай қалады (эстрада тыңдайтындар)",- дейді кәсіпкер.

Сондай-ақ, кәсіпкер оңай олжалы болу үшін лотерея ойнатып жатқан шоу бизнес өкілдері мен қоғам белсенділерін де сынға алды.



ERNUR.KZ

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет