"Топқа келейінші деп сұранды": Жігер Ауыпбаев "Меломен" тобына қайта қосылғысы келеді

0
1 194

"Меломен" тобының мүшелері Жігер Ауыпбаевтың бес жылдан кейін топқа қайта қосылғысы келетінін мәлімдеді.


Бұл туралы топ мүшелері "1001 түн" бағдарламасында айтты. Топтан кеткен Жігер Ауыпбаев қазір жеке әншілікпен айналысып жүр. Алайда, әнші топқа қайта қосылғысы келіп жүрген екен. Топ мүшелері әншіге қарсы уәж айтқан.


"Қайта-қайта қосылғысы келетінін айтты. Бірақ бәріміз ойландық. Бес жыл ішінде біз үшеу болып қалыптасып кеттік. Көрермендер Жігерді ұмытып та қалды" деді олар.




Желі оқырмандары бұл топтың Жігер Ауыпбаевпен ғана ерекше екенін жарыса жазды.