"Төреғалиден аумай қалыпты!": Танымал әншінің суреті қызу талқыға түсті

0
2 793

Желі қолданушылары әнші мен оның отбасына жылы лебіздерін жаудырды.​


Әнші Зарина Омарова желіге отбасылық суретін жариялады. Өнер иесі әлеуметтік желі арқылы анасын туған күнімен құттықтап, жан тебірентерлік жазба арнады.

Бүгінде әншінің әкесі композитор Марат Омаров пен анасы бір шаңырақ астында өмір сүрмейді. Дегенмен тағдырдың жазуына қарамастан Заринаның жақындарына деген сүйіспеншілігі шексіз.

«Өз бақытын, қуанышын өзі өмірге әкелген перзенттерінің қылығынан, қызығынан іздейтін аяулы Анам менің! Сізге әлемдегі бар жақсы тілекті үйіп-төксем де аз. Алла сізге ең алдымен мықты денсаулық берсін! Әрқашан жүзіңізден мейірім нышаны кетпей, айналаңызға нұрыңызды шашып, Аналық бақытқа кенеліп жүре беріңіз!

Батыр да туған анадан, ақын да туған анадан,

Ананың биік тұғыры – анадан туған бар адам
Пайғамбарымыз Мұхаммед ананы құрмет санаған,
Анаға мәңгі борыштар елдегі барлық дана адам.
Ақ сүтін беріп өсірген, бұзық болсам – кешірген.
Тілін алсам – айналған, күнәм болса -өшірген.
Ақ анашым, анашым, саған тәнті бала шын!
Мөлдір, кәусар бұлақсың, мен сүрінсем – жылапсың,
Шыңға шықсам – қуанып, мен құласам – құлапсың, Ақ анашым, Анашым, сендей бар ма жанашыр жан маған бұл жалғанда.
Менің қорғаным, қолдаушым, туған күніңізбен! Екі дүниенің бақыты бұйыртсын. Алланың назарында, бақыттың базарында,
бізбен бірге күліп-ойнап жүре беріңізші. Мен сізді жақсы көремін, Мама!»
– деді Зарина.


Омарованың отбасылық суреттері бірден желі қолданушыларының назарына ілікті. Олар әнші мен оның отбасына жылы лебіздерін жаудырған.

"Анаңыз аман болсын!", "Құтты болсын анаңыздың туған күні. Не деген керемет естелік»" "Марат ағаға ұқсапсың, Зарина", "Марат аға Төреғали Төреәліден аумай қалыпты", "Таныс сурет. Шаттық әпкем керемет. Жүз жасасын!" – әншінің тыңдармандары.