Төреғалидің қарындасы ағасы туралы жан тебірентерлік жазба жариялады

0
12 647

Төреғалидің қарындасы Фариза инстаграм парақшасына жүрек толқытар жазба жариялады. Ол өз жазбасында ағасы туралы басқалар білмегендіктен, ойына келгендерін айтады дей келе балалық шақтарын да есіне алған.


Төреғалидің қарындасы ағасы туралы жан тебірентерлік жазба жариялады

Төреғалидің қарындасы Фариза инстаграм парақшасына жүрек толқытар жазба жариялады. Ол өз жазбасында ағасы туралы басқалар білмегендіктен, ойына келгендерін айтады дей келе балалық шақтарын да есіне алған.

Фариза Төреәлі: "Ағабай! Қамқоршым! Неге екенін білмеймін, кішкентай кезімнен «Ағабай» деп атап кеткем. Бұл кісіні қатты жақсы көремін,сыйлаймын! Біле білген адамға өте ақкөңіл,шынайы, намысшыл, нағыз ер азаматтың бойында болуы қажет қасиеттердің бәрі бар, әділетті, жанашыр,бауырмал. (жұрт дымды білмейді, бірақ ойға келгенді айтады, өкінішті) Ағам болған соң мақтап жатқаным жоқ, расымен сондай! Кейде "неге сонша ақкөңілсіз" деп ұрысып қоям. Артында жаман пиғылы жоқ ағам ғой. Балалық шағымыз тіптен естен кетпейді. Әйтеуір менің мұрным таңқиып алып, ағаммен, сіңіліммен бәрін бүлдіріп жүретінбіз. Бір күні анам мен әкем жұмыстарымен кетіп қалған болатын, үйде тек үшеуміз қалдық (дыды-ды-дыыңңңң-ды-дың дээ).

Тамақ жасаймыз деп шештік, ағам картоп қуыра бастады, "сыр" қатты жақсы көреді, сол үшін 1кг сырды қосып жібердік.
Елестетіп көріңіздерші, картоппен көөп сырды. Оны қойш, тойып жеп алдық, үйге анам кеп көрді, "күштііі концерт болды аяғында". Печеньені отқа күйдіріп жеуші едік, тамақ жоқтай. Ас ішуге анам шақырса, ас үйге ушеуміз «паровозик» боп баратынбыз жабысып. Кейде осының барлығын есіңе алып, уақыттың судай ағып жатқанын түсінесің. Бір кездері бала боп ойнап жүрген ағам қазір үш қыздың әкесі. Жаным ағам, тек аман болыңызшы!".

Мұны оқыған желі қолданушылары Төреғалидің қарындасының сұлулығы мен ақылына тәнті болды. Жазбасының астына оқырмандары "Басқаға қайдам, өзіме ұнайды. Бауырлар әр қашанда бір-біріне демеу болсын. Алла бастарыңа бақ берсін!", "Аман болсын ағабайың, алтын бала. Өзім қошым келеді, Төрештің сөйлеген сөзіне, іс қимылына" деген сынды жағымды пікірлерін жарыса жазуда.

Фото: @farizatoreali

ERNUR.KZ