"ТОРТ ПЕНОПЛАСТТАН ЖАСАЛҒАН" -Тұрсынбек Қабатов тойда торттың жаcанды екенін байқап қойған

0
5 648

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов өзі басқарған тойда тәтті торттың ақ пенопласттан жасалғанын айтты


Сурет: ғаламтордағы ашық дереккөзден

Қазақстандағы бағасы ең қымбат асаба Тұрсынбек Қабатов басқарған тойлардың бірінен қызықты оқиға айтып берді. Тойда сәнге айналған, сырт көрінісі көздің жауын алатын әдемі торттар, ұн мен майдан емес, кәдімгі ақ пенопласттан жасалады екен. Сол жасанды торт қуаныш үстінде жерге құлап, елдің күлкісіне айналған. Бұл туралы танымал әзілкеш You Tube арнасындағы Салем Show бағдарламасында айтты.

Талай тойларды басқарып, көптің қуанышын жүргізіп жүрген асаба түрлі қызықтарға тап болған. Десе де, дәл осы жағдай басынан өтеді деп ойламаған екен. Жасанды тортты алғаш көріп, қолына алғанда түсінбей қалғанын жасырмады.

"Әдемі торт, шамдарын жағып қойған. Жастар келе жатыр. Екеуі мәз, кәдімгідей. Тортты офицанттар сүйреп келе жатыр. Торты келе жатыр, жастардың алдына жете берген кезде, операторлардың шнурына астындағы телешкасы тоқтады, торт алдарына құлап қалды. Торт жерде, екеуінің түрі бұзылып кеткен. Бүкіл халық шок. Ол кезде тортты құлатып алу деген, қазір ғой торт деген ата - бабамыздан қалған секілді ғой, сөйтіп көреді ғой кейбір жерде. Барлығы паника. Қыздың түрі өзгеріп бара жатыр. Бір кезде свет жанғанда қаасам, торт емес пенопласт екен. Қазір көбінесе тортты пенопласттан жасайды екен. Сонда ғана білдім мен. Кесетін жерін ғана торт қойып қояды екен да, қалған төбесіндегілердің бәрі пенопласт, сыртын майлап сықитып қояды екен",,-деп өзінің де сол шақтағы таңданысын жеткізді.

Байқаусызда құлаған тәттінің жасанды екенін өзіде сонда білген. Той иелерін көптің алдында ұялытпайын деген Тұрсынбек Қабатов, әп - сәтте тығырықтан шығатын жол іздеген.

"Содан, қарасам ана торт езілмеген екен. Алдымда бөлек-бөлек болып жатыр. Не істерімді білмей, қолыма алсам пенопласт. Содан,"бұл енді розыгрыш" , сол кезде осы алдау басталып келе жатыр еді ғой. "Бұл пенопласт, әдейі жастарды не істейді екен деп алдадық, әдейі сіздерге осылай жасадық", дедім. Халық деген күліп, ана қыз жылап жатыр еді, жігіттің алдында ұялып тұр ғой енді. Ол да күліп, көзін сүртіп. Артынан музыка ойнап кетті. Папасы мен мамасы шапалақ ұрып, үйтіп-бүйтіп шықтық. Содан жастар биін билетіп, екеуі мәз. Халық деген мәз, күліп жатыр. Ол кезде ондай розыгрыш деген енді басталып келе жатқан еді. Сөйтіп кішігірім тортқа заказ беріп, той біткенше кішкентай тортты алып келіп бердік. "Бұл енді таза торт, ортада кесіңдерші",- деп айтып ситуациядан шыққаным бар.

Бұл болған жайтты әдейі жасаған екен деп, өзгелер де тәттілерін той үстінде құлата бастаған екен, Ал, той иесі Тұрсынбекке бұл қызыққа толы оқиғаны өз әзілдеріңнің қатарына қос деп ұсыныс білдірген.

ERNUR.KZ