«Тумай туа шөккірлер!»: Өнер өкілдері «Ирина Кайратовна» мен Shizaға қарсы шықты

0
4 412

«Мақтабастар, бұзаубастар!»


«Тумай туа шөккірлер!»: Өнер өкілдері «Ирина Кайратовна» мен Shizaға қарсы шықты

«Ирина Кайратовна» мен Shiza деген әншінің концертінде көк туды умаждап, қалай болса солай ұстап, боқауыз сөздер айтып, жат қылықтар көрсеткені қазақ қоғамының шамына тиді. Әлеуметтік желіде «Мынау таза масқара!» деп ҚР Президенті мен Бас прокуратурасына шағымданып жатқандар жетерлік.

Белгілі әнші Нұрлан Албан «Дәл қазір менің миыма қан құйылайын деп отыр. Мен ғана емес, есі бар пенденің қаны қарайып отырғаны бесенеден белгілі. Мақтабастар, бұзаубастар, тумай туа шөккірлер, қазақтың жігіттері деуге ұяласың. Қазақ болмай кет сен, Ирина Кайратовна! Қанша жұлдыз болсаң да, аспаннан аяғың салбырап түссе де, адам емес екенсің! Хайуан екенсің! Біз қайтсек ұрпақты қазақыландырамыз, ұлттық рухты сіңіреміз деп жатқанда көрсетіп жатқан үлгісі осы ма? Министрліктен мыналардың құйрығын кесіп құнтитып, құлағын кесіп шұнтитып, ортадан аластау керек! Тіпті, қолына микрофон бермей сахнаға жолатпайтындай жасау керек!» деп ашынғанда ащы даусы шыққанын парақшасына жүктеген видеодан көруге болады.


Журналист Бибігүл Дәулетбекқызы да «Ауыздары әжетханадан бетер ғой» деп қынжылады.



Журналист Молдияр Ергөбеков те үнсіз қала алмады.


Қазаққа қарсы тірлік жасап, ұлттық намысына тиген әншісымақтар желіде қызу талқыланып жатыр.

«Қиқылдап, шиқылдап, өте сүйкімсіз көрініс болды. Мәдениеттің төмендігі мұндай байқалар ма?!», «Шегіп, ішіп алғандары болмады. Жақыннан түсірілген видеодан қарадым. Шиза концертке келген адамның біреуіне бермекші болды. Бірақ алыстан лақтырып бермекші болды ма сондай бір бәле. Сосын ұйымдастырушылар олай істеуге болмайды деп ұқтырды ау. ИК көпшіліктің алдында қасықтап жинаған абыройын шелектеп төкті. Кешірім де сұрамады. Туды ешкім таптамаған сияқты. Тик-токте концертте болғандар жазып жатыр»,»Есектер, осыған мәдениет министрі қайда қарап отыр, заңның әлсіздігі, ұлт үшін жоғарыдағылар бастарын ауыртпайды, өздері ана тілін білмейді, не мынау, жарайды мына малдар ата ананың тәрбиесінсіз өскен шығар, көрермендер ішінен бір намысы бар жігіт шықпағаны ма? Мыналарды мүлде сахнаға шығармау керек , кешірімдеріде керек емес, өңкей есіргендер , тауып қол аяқтарын шағу керек! Біздің елде заң жоқ екенін біліп осылай есіреді, есектер!» деп үн қосуда желі қолданушылары.