"Түнде ұйқы жоқ, қайта күшейіп кетті": Роза Әлқожа сырқаты туралы халықтан кеңес сұрады

0
1 023

Әнші Роза Әлқожа бірнеше күннен бері суық тиіп қалғанын жазды.


Бұл туралы әнші әлеуметтік желіге жариялаған. Оның айтуынша, 3 күн система салып ауырған. Одан кейін Ақтөбедегі кешінен соң жөтелі одан әрі күшейіп, мазасызданған. Қазіргі таңда ем алып жатқанын айтты.


"Ақтөбеде кеш біткен соң жөтел күшейіп, дастархан басында әрең отырдым. Әжептеуір жазылған сияқты едік. Қайта күшейіп кетті. Түнде ұйқы жоқ, екі күн болды. Үш система, екі укол бастадық самолеттен түсе сала. Көк жөтел дегенді ұға бастағандаймыз", - деп жазды әнші.



Сондай-ақ, оқырмандардан қандай ем алып жатқаны туралы сұрады. Желі қолданушылары түрлі ем-дом түрлерін жазып, әншіге кеңес берді.