​Тұңғышбай Жаманқұлов: «Ерлан Біләлдің айтуға батылы жетпей отыр!»

0
5 571

Кеше Аман Тасығанның ютуб арнасында Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловпен болған ашық сұқбат жарияланды.


​Тұңғышбай Жаманқұлов: «Ерлан Біләлдің айтуға батылы жетпей отыр!»

Кеше Аман Тасығанның ютуб арнасында Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловпен болған ашық сұқбаты жарияланды. (2-бөлімі, алғашқы бөлімі өткен аптада жарияланған)

Сұқбат барысында аты аңызға айналған әртіс қазіргі жағдайы туралы сөз қозғаған. Айтуынша, айына екі рет есеп беріп, ел арасындағы сапарларын алдын-ала ескертіп отырады және шетелге шығуына болмайды екен. "Шындықты айтамын деп таяқ жеп жүрген адаммы " деген ағамыз өзіне және әйелі, актриса Дәрия Жүсіпке де қысым жасалып жүргенін айтты.

Бұдан өзге қазіргі өнердегі ахуал мен театрдың халін әңгіме еткен Тұңғышбай Жаманқұлов өткен айда "Пара алды" деген айыппен ұсталған театрдың бұрынғы басшысы, өзінің шәкірті Ерлан Біләлдің жайы туралы да сұрақтарға жауап берген.

Ол ұсталған кезде таяқтың бір ұшы өзіне де тигенін жасырмады, "Ұйымтастырды" дегендей бұрмалауларға "мен қалай ұйымдастырамын екеуіне бірің пара бер, сен пара ал" деп айтамын ба?" деп ақталды. Шәкірті істі болған кезде пікір сұраған журналистерге деп жауап бермеген әртіс, онысын "Ол менің шәкіртім, Қорғап "олай емес" деп шырылдасам, өзі мойнына алып қойған, не деймін? Сонан соң "О, сауап болды деп айтамын ба, сонда мен?! Мені сүйтіп еді деп айтамын ба, онда мен кім болдым? Мені ол сүйткенде өзі жасаған жоқ, діттеумен жасады ғой, оны мен қалай айтамын?!" деп күрсінді. Пікірінше Ерлан Біләл параны өзі үшін алған жоқ, ал айтуға батылы жетпей отыр екен.




Фото: www.azattyq.org