«Түркістанға осы үшін келгенмін» : Рухия Байдүкенова келін болуға дайын екенін білдірді

0
1 928

«Нағыз келін болатын қазақтың ару қызын Димаш қалай көрмей жүр екен?!»


«Түркістанға осы үшін келгенмін» : Рухия Байдүкенова келін болуға дайын екенін білдірді

«Славян базары – 2021» фестивалінің бас жүлде иегені Рухия Байдүкенова қазір республикалық «Түркістан дауысы» ән байқауына қатысты.


Ғасырдан ғасырға жалғасқан әуен! Қазақ руханиятының төл тұмары киелі Түркістанда тұңғыш рет, еліміздің әр өңірінен келген 17 дүлділ әншілер үлкен додада бақ сынады.


Осы байқау қонақтарының бірі Рухия Байдукенова өзінің инстаграм парақшасында «Түркістанға осы үшін келгенмін» деп өнердегі әріптестеріне сызылып шәй құйып отырған видеосын жариялады.



Ал бұл видеоның астына көзі қырағы оқырман түрлі пікір жазуда.

«Қазақтың қызы осындай болу керек», «Түһ! Қандай әдемі көрініс! Ақылы көркіне сай сұлу қыз. Аты да, заты да ерекше Рухия. Алла тіл-көзден сақтасын!», «Келін болғың келіп жүр-ау деймін», «Келін қылып алайық, намек тастады ғой» деген сияқты пікірлерін қалдыруда.