Тұрмысқа шығуды басты мақсат еткен дұрыс емес - Дина Төлепберген

0
4 684

Тұрмысқа, жан-жақты дамып, жұмыс жасап барып асықпай шыққан жөн.


Тұрмысқа шығуды басты мақсат еткен дұрыс емес - Дина Төлепберген

Продюсер, "Астарлы ақиқат" бағдарламасының жүргізушісі Дина Төлепберген қыздардың тұрмысқа кеш шығуына қатысты пікір білдірді. 30-ға таяп отбасылы болған тележүргізуші, қыздардың асықпай, өз жағдайларын реттеп барып тұрмысқа шыққанын қолдайтыны туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Жасым 28-де. "Мына қызды ешкім алмайтын болды". Туыстарымның басты уайымы осы болғандай. Бәлкім олай емес те шығар. Бірақ сол кезде маған бәрі солай көрінген. 28 жасымда тұрмысқа шықтым. 29-ымда тұңғыш ана атандым. Бұл кеш пе? Білмеймін. Меніңше, кеш емес. Өмірді көрдім, өзімді сынадым, атым да затым бар болған келін болдым.

Түйгенім: тұрмысқа шығуды басты мақсат еткен дұрыс емес. "Қыз мұрату кету" дегенді мен басқаша түсінемін. Яғни, ата-анаңа масыл болмай, қаржылық тәуелділіктен шығу.
Екіншіден, "сені ешкім алмады ғой" деуді дөрекі қате деп білемін. Бұл қызды кемсіту. " Өзіңе теңің табылмады ма?" деген сұрақты ғана түсінер едім.

Үшіншіден, ешкімнің асықтыруға құқы жоқ. Өзге адамның өміріне араласпа.

Төртіншіден, күйеуге қатты шыққысы келетін қызды жігіттер сезетін сияқты. Содан қашқақтайды. Сондықтан тойды ойлағанша, өзіңді дамыту жайын ойлаған дұрыс деп білемін. Егер күйеуің ханзада болсын десең, ханшайым болыңыз!"
- деп жазады Дина Төлепберген.

Жүргізушінің бұл пікірін қолдаған оқырмандар қатары көп.

"Өте дұрыс .Кыздарыма менде солай айтамын. Асыкпа, адамың кезіккенде кетесің деп", "Өте дұрыс айттыңыз!", "Ия дұрыс. Жан-жақты дамып, окып, жұмыс жасаған дұрыс. Ешкімге алақан жаймайсың", "Отырған қыз орын табар." - деп жазады желі қолданушылары.