«Тұрмысқа тұтылып, түтіліп, жұтылып кетпеңіз!» : Қарақат Әбілдина әйелдерді ДЕМАЛУҒА шақырды

0
1 456

«Елдің бәрі әнші емес , оңаша шықпақ түгілі бір бөлке нанын зорға тауып жеп отырған аналар бар…»


«Тұрмысқа тұтылып, түтіліп, жұтылып кетпеңіз!» : Қарақат Әбілдина әйелдерді ДЕМАЛУҒА шақырды

Белгілі әнші, эстрада жұлдызы Қарақат Әбілдина қазіргі уақытта Мальдив аралында үлкен ұлы Бекболатпен бірге демалып жатыр. Бұл туралы әнші инстаграмдағы парақшасында бөлісті.


«23 жыл - отбасы болғанымыз. Осыншама жыл отасқанда алғаш жалғыз шығуым дедім ғой. Жалғыз да емес, үлкен ұл бар жанымда. Ми тынығып, бой сергіп, демалып қалды. Әйел адам, әсіресе жастары жақын майда балалары бар аналар шаршайды. Оңай емес. Өзімнен өткізген соң білем. Көмекшім болғанмен ол да жалғыз. Үлкен үй. Көп бала… Қайбіріне жетсін?! Талай-талай ұйқысыз таңдар атырып, көз іскен, қабақ түскен түрмен барып, макияжға да ептелмейді, сыр білдірмей сахнада күліп ән салып, қайтып кеп тағы күйбең тірлікке күмп берген күндер көп болды.


Несін айтайын?!


Қыздар! Баласы жас, бөпесі бар сіңлілерім, тұрмысқа тұтылып, түтіліп, жұтылып кетпеңіз дегім келеді. Көп тірліктің арасынан өзіңізге 1 сағат, болмады 15 минут тауып бір шыны шәйді тыныштықта ішіңіз. Жүйкеңізді, өзіңізді сақтаңыз. Бәрі уақытша ! Бұл да бір өтпелі кезең. Уақыт жылжиды, бала өседі. Мынау мен құсап теңіз не мұхиттың жағасында кофе ішіп, кокосты сіміріп, демалыыып отырғаныңызды бір елестетіп алыңыз да, алға ! Мықтысыздар!»
- деп жазды әнші.


Желі қолданушылары Қарақаттың демалысына сүйсініп, сәттілік тіледі.


«Әдемісіз, дұрыс айтасыз, сондай адамның бірі мен. Бәрі алда деп өзімді қамшылап қойып жүрмін Жақсы демалыңыз! Алланың құдіреті шексіз ғой», «Сіздер ұқсап ел алдына шығып ән айтпай, өз-өзімнен бітіп шаршап жүрмін. Мықтысыз!», «Жағдайы болса, шіркін, дем алғанға не жетсін, рас, баладан, үй тіршілігінен әбіржіп жүрген келіндер қаншама, өздеріне қарауға уақыт таппайды» деген сияқты пікірлер жазуда.