"Тұрсынбек Меккеде жүріп, жылап звандады": Қабатовтың әйелі оның танымал болуына қалай әсер еткенін айтты

0
1 632

"Өзімді мақтағандай болатын шығар, бірақ солай" дейді әзілкештің жары.


Көпшілікке танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары отандық арналардың біріне сұқбат беріп, жан сырын ақтарды.

"Жұлдыз болуына еңбегім сіңгенін толық сеніммен айта аламын" деген Мөлдір Мұқанова "Тұрсынбекті Тұрсынбек еткен Мөлдір ме, Мөлдірді Мөлдір еткен Тұрсынбек пе?" деген сұраққа жауап берген.

Мөлдір Мұқанова: "Сөзсіз, Мөлдірді Мөлдір еткен Тұрсынбек. Енді өзімді мақтағандай болатын шығармын, мен тұрмысқа қазақтың қара баласына, қарапайым жігітке тұрмысқа шықтым. Ол кісінің атақты болатынын білген жоқпын. Қабатов деген дүркіреп тұрған фамилия болған жоқ. Мен тек сүйіп қосылған жардың бірімін. Оның жұлдыз болуына еңбегім сіңгенін толық сеніммен айта аламын.

Жақында Тұрсынбек Меккеге барып келді, сонда жылап тұрып звандады. Ол "Мөлдір, сен ол сөзді қайдан естідің? Мешітке бардың ба, уағыз тыңдадың ба қайдан естідің?" деп "Менің үнемі айтатын сөздеріме таң қалып жатыр. Ол сол жақта жүріп естіген екен, Пайғамбарымыздың жары оған "Алла сені жақсы көреді, Халқың сені жақсы көреді" деп айтқан екен. Ал мен оған үнемі солай айтатынмын.


Мөлдірдің сұқбатын көрген жанкүйерелері оның ақжарқын қасиеті мен даналығына тәнті болып, ізгі тілектерін жарыса жазған.