​«Тырқыратып қуып шығып еді»: Атақты Айнұр Тұрсынбаева өзін дүкеннен қуған күндерін есіне алды

0
5 822

"Ол кезде айтыстан 34 көлік мінетінімді қайдан білейін?"


​«Тырқыратып қуып шығып еді»: Атақты Айнұр Тұрсынбаева өзін дүкеннен қуған күндерін есіне алды

Атақты айтыскер, бұл күнгі мотиватор Айнұр Тұрсынбаева өзінің жас күніндегі естеліктерін айтып, желі оқырмандарының көңілін босатты. Ол сол кездегі қиындықтарымен бөлісіп, жанында тұрған қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова мен Түркияның атақты аспазы Нүсіретті де мысал еткен.

«Студенттік кезде жағдайы жоқтар жатақхананы паналадық қой... Киімді атақты “ТӨЛЕБАЙ” базарынан алып киетінбіз.. Орталықта әдемі бутиктер болды, бірақ оған кірудің өзі қорқыныштылау еді... Қалтамызда көк тиын жоқ екені түрімізде тұра ма білмеймін, сатушы апайлар да жақтыра бермейтін.. Ал базарда рахат. Пигодиді періп аласың да қарныңды сипалап жүріп армансыз аралайсың... Базарда тұратын апайлар да мейірімді, “маған кел, не іздедің” деп жалынып шақырғанда кергіп қалатынымыз да рас енді... Алатынымыз аяқ киім.. Туфлидің өкшесі желініп кете беретін ғой, оны күнде ремонтқа тасисың.. Ауыстырып киетін аяқ киім болса да жоқ.. Сабаққа да сол, бешірге де сол, киноға да сол.. Желінбегенде қайтсін?! Басы мүжілсе қарандашпен бояп қоятынбыз. Колледжде қаланың бір қызы машинамен келетін.. Жай келмейді, көзді қыздырып өзі айдап келетін.. Ол кезде айтыстан 34 көлік мінетінімді қайдан білейін, сол қыздың машинадан түсіп келе жатқан түріне жамаааан қызығатынмын.. Группада Айдын деген әнші қыз болды... Жаңағы мәшинесі бар қызға қарап тұрып “рахат-ай, туфлиінің өкшесі дым құрымайды” демесі бар ма?! Көлік айдап жүрген қызға туфли деген дым емес қой әйтпесе...


Бірде 2-3 қыз қаланың бір қызына ілесіп орталықтағы қымбат дүкенге бардық..Әдемі көйлектерге қатты қызықтық... Бірақ киіп көрейін десең бір түрлі жараспайтын секілді ма... Содан не де болса киіп көрмекші болып едік сатушы апай ”бәрібір дым алмайсыңдар” деп тырқыратып қуып шығып еді.. Сол дүкен әлі бар Таразда.. Атауы өзгерген.. Бұрынғыдан да қымбат көйлектер сатады... Қазір бүкіл көйлегін көтеріп кететін жағдай бар ғой Аллаға шүкір..Бірақ жүрек жылымайды-ақ... Адамды қалтасына қарап бағалайтын топас түсінік әлі де бар ғой.. Бүгін сізге қызмет қылып жүрген адам ертең-ақ төбеңнен қарайтын болады.. Бүгін сенің еденіңді жуған әйелдің баласы ертең сенің балаңа бастық болады...Бүгін амандасқың келмеген адамның ертең-ақ бір көмегіне мұқтаж боласың..!
Дүние-кезек!

Суреттегі үш кісі де жоқшылықтың қиындығын басынан өткергендер...Атақты @nusr_et кішкентайынан қасапшының көмекшісі болса, @gulziraaidarbekova қанша жыл базарда тұрды...

Осы кісілердің жеткен жетістіктері балаларыңызға жұғысты болсын».

Бұл жазбаны оқыған Гүлзира Айдарбекова «Айнурка, өткен-кеткеннің бәрін, көз алдыма келтірдің. Алла берген бағынан айырмасын!» - , деп пікір қалдырған.

Ал желінің өзге қолданушылары жазбаның ерекше әсер еткенін айтып, өз естеліктерімен де бөліскен.