Ұшаққа билетсіз мінген Төреғалидің басы тағы да дауға қалды

0
12 538

Төреғалидің кесірінен ұшақ 20 минуттай уақытқа кешігіп ұшқан.


Ұшаққа билетсіз мінген Төреғалидің басы тағы да дауға қалды

Бүгін қыркүйектің ортасында орын алған Төреғалидің оқиғасы желіде шуға айналып кетті. Ақпарат бойынша, әнші ұшаққа билетсіз мініп, отбасын шығарып салғысы келген.

Бұл туралы фейсбук желісінде белгілі журналист Арман Сқабылұлы "Төрештерді" төрге шығарып, "төре" жасаған өзіміз" деген тақырыпта жазба қалдырды. Ол өз жазбасына осыған ұқсас оқиға өткен жылы Шымкенттен ұшатын ұшақта да болғанын тілге тиек ете кеткен.

"Төрештерді" төбемізге шығарып, "төре" жасаған өзіміз. Уыс-уыс ақша беріп тойға шақырамыз, Онымен қоймай ұшақтың бизнес класына билет алып береміз. Бес жұлдызды қонақ үй дайындайтынымыз тағы бар. Осыдан кейін "төрештер" құтырмай қайтсін! Былтыр осындай бір жұлдыз інімізді Шымкентте ұшақтың қалың жолаушысы жарты сағат күтіп тұрғанына өзім куә болғанмын. Әлдебір дөкейдің тойынан кешігіп келген әлгі әншіге жиналған жұрт ренжудің орнына суретке түсіп, селфилетіп жатты. Түк болмағандай...

Кеше Төреғали Төреәлі Таиландқа баратын ұшаққа билетсіз кіріп, бала-шағасын шығарып салған екен! Ұшақтың іші қайта тексеріліп, жарты сағатқа кешігіп ұшқан. Кеден, шекара, ұшақ қызметтерінің барлығынан тексерусіз өтіп кетіп, мемлекеттік шекараны бұзған бұл бауырымның басбұзарлығына өз басым онша таң қала қойған жоқпын. Оны да бір "табынушысы" өткізген шығар? "Төрештер" енді өздеріне бәрі болады деп ойлайды. Олар жұлдыз! Олар көкте жүр! Жерге түсірген дұрыс шығар? Әйтпесе тағы талай нәрсені бүлдіреді олар..." деген журналистің жазбасына пікір білдіргендер өте көп.

Олар "Ұлық болсаң кішік бол'' дегеннің астарын жақсылап ұғына алмағанның дерті ғой бұл", "Жігіттер квартеті мен МУЗАРТ дұрыс жолымен келе жатыр.ғой. Ағаларынан тəлім алмады ма,бұл Төреш", "Төрештерді төбеден түсірейік тәлтектетпей", "Рухани сауатсыздарғо тойға шақыратын" деп жұлдыздардың биіктеп кеткеніне күйінген.

Фото: toregalitoreali

ERNUR.KZ