"Ұятсыздар": Кәмшат Жолдыбаеваның сіңілсі әпкесінен асып түсті

0
18 736

Алтынай Жолдыбаева биші жігіттің үстіне шығып алды.


Кейінгі кездері ерсі бейнебаяндарымен елдің сынына ұшырап жүрген шоу-бизнес жұлдызы Кәмшәт Жолдыбаеваның сіңілсі, Алтынай Жолдыбаева әпкесінен асып түсті. Көпшілікке кіші Жолдыбаеваның биші жігіт Дос Ұсабаевпен жабыса билеген ұятсыз биі жақпай қалған. Желі қолданушылары жұптың биін аса ерсі санап, оларды сынға алған.

Көпшіліктің жағымсыз пікірінің астында қалған видео биші Ұсабаевтың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған. Бейнежазбадан Алтынайдың тым қысқа киім киіп алғанын көруге болады. Жігітпен жұлқына билеген әнші соңында оны жерге құлатып, үстіне шығып алады. Оқырмандарға Алтынайдың бұл әрекеті ұнамай қалған. Олар аталмыш биді аса ашық әрі ерсі деп санап, өздерінің жағымсыз пікірлерін білдірген.


"Бұл видеоның мағынасы қандай? Не үшін түсірдіңдер?", "Жолдыбаеваларды сахнадан қуу керек", "Дұрыс емес мына қарындасымыздың жасап жатқан тірлігі. Осындай әрекеттерсіз де клип түсіруге болады ғой", "Ақыр заманның белгілері" ,"Масқара" , "Жолдыбаева бұл ісің ұят енді", "Ұятсыздар" ,"Айтарға сөз ттаппай отырмын" , "Жолдыбаева ұялмаса Дос қайдан ұялсын" , - деп жазып жатыр көпшілік.

Желіні шулатқан бидің видеосы Алтынай Жолдыбаеваның өз парақшасында да жүктелген. Алайда әнші қыз пікір қалдыруды шектеп қойған.

ERNUR.KZ.