Ерке Есмахан дуэт айтуға жігіт іздейді

0
3 532

"Кіммен айтамыз, достарым?! Саxнада кіммен жарасады деп ойлайсыздар? Қай әншімен дуэт болайын? Комментке ең көп жазылған есімге өзім xабарласып, дуэтке шақырам... Ал кеттік!"


Ерке Есмахан дуэт айтуға жігіт іздейді

Әлеуметтік желідегі парақшасына Ерке Есмахан: "Әнші жігіттермен бірігіп ән жаздыруым сирек екен. Әзірге үлкен саxнадағы "дуэттесім" - тек Төреғали. Өзге де қазақтың өнерлі жігіттерімен ән жаздыруым керек қой... Әзірге бір жігітті осы жылдың Алла қаласа "xитін" (жақсы сөз айту керек) орындауға сіздермен бірге таңдағым кеп тұр. Жігіттер жағы дуэт болу жайлы ұсынысты жиі тастайды. Кіммен айтамыз, достарым?! Саxнада кіммен жарасады деп ойлайсыздар? Қай әншімен дуэт болайын? Комментке ең көп жазылған есімге өзім xабарласып, дуэтке шақырам... Ал кеттік!", - деп жазды.

Соңғы жылдары жылдың үздің хитін өзі бастап келе жатқан Ерке қыз тағы да миллион жинайтын шығармаға кіріспек ниетте. Оның бұл ойын байқаған оқырмандары өздеріне ұнайтын серілердің есімін жарыса жазуда. Олардың қатарында Қайрат Нұртасты, Жігерді, Әлиді, Қуандықты атағандар да бар. Бірақ басым көпшілігі Нұрболат Абдуллинді қалапты. Еркенің уәдеге берік екенін ескеріп, көп жазылған есімнің иесімен "хит" ән күтеміз!

Қарашаш Есенбай,

WWW.ERNUR.KZ