Ернар Айдардың биін қайталаған бүлдіршін елді тәнті етті (видео)

0
3 157

Әр әнімен елдің жүрегінен орын тауып жүрген хитмен Ернар Айдар кеше Сәтбаев қаласында жеке ән кешін өткізді.


Ернар Айдардың биін қайталаған бүлдіршін елді тәнті етті (видео)

Әр әнімен елдің жүрегінен орын тауып жүрген хитмен Ернар Айдар кеше Сәтбаев қаласында жеке ән кешін өткізді.

Концерт барысында әншінің жанына шығып билеген кішкентай бала жұрттың сүйіспеншілігін оятты. Сахнаға шыққан бүлдіршін сүйікті әншісінің қимылдарын қайталап, бірге билейді. Бұл видеоны әнші өзінің жеке парақшасына жүктеген.

"Ернар өнерің өрге жүзсін! Үлкенге өнеге, кішіге ізет деген осы бақытты бол", "Жанем, тіл көзден сақтасын. Өзі сондай тәтті, биін айтсайшы, керемет!" деген сынды пікірлермен Ернардың тыңдармандары тәтті лебіздерін әлі де жеткізуде.



Фото-видео: ernaraidar_kz

ERNUR.KZ