«Ырбимай тастаса қайтеді?»: Беташарда ақшасын билеп салған Әбдіжаппар Әлқожа сынның астында қалды

0
1 028

«Құтырып кеткен»


«Ырбимай тастаса қайтеді?»: Беташарда ақшасын билеп салған Әбдіжаппар Әлқожа сынның астында қалды

Беташар тойда жарысып ақша салу соңғы кездері сәнге айналды. Отандық эстрада өкілдерінің бірі Әбдіжаппар Әлқожаның сондай тойдың бірінде ақша салуы көпшіліктің ызасын тудырды, - деп жазады exk.kz сайты.



Асаба әншінің "Оригиналсың" деген әнінің ырғағымен арнау айтып, ортаға шақырған. Сол кезде Әбдіжаппар айналып, билеп, табаққа 100 доллар салған. Оның бұл әрекеті желі қолданушыларына ұнамай қалды.





"100 долларды мақтанып салды", "Ырбиып, билемей, тезірек тастап кетсең қайтеді", "Қылығы да, кеңпейілдігі де өзіне жарасымды", "Ақшаның да қадірі қалмапты", "Бұлар талтаңдап жүр, ал жұрттар тамаққа ішетін ақша таппайды", "Құтырып кеткен" деген сарындағы пікірлер көп.