«Заң бәріне ортақ»: Төреғали Төреәлі уақытша қамауға алынды

0
1 117

«Ешкімге қол көтеруге жол жоқ!»


«Заң бәріне ортақ»: Төреғали Төреәлі уақытша қамауға алынды

Алматы облысы «Көлсай көлдері» Ұлттық паркінде гидті соққыға жықты деп айыпталған әнші Төреғали Төреәлі уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Полиция оның үстінен “Бұзақылық” бабы бойынша іс қозғалғанын мәлімдеді.



Еске сала кетсек, бұған дейін Әнші Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлаған едік.

29 қыркүйекте әншінің бейәдеп қылықтары әлеуметтік желілерде таралды.



«Оқиға 28 қыркүйек күні Алматы облысы Кеген ауданында орналасқан “Көлсай көлдері” ұлттық паркінің аумағында болған. Құқық бұзушылық ҚР қылмыстық кодексінің 293 бабында көзделген қылмыс құрамының белгілері бойынша тіркелді. ҚР заңнамасына сәйкес, сараптамалық зерттеулер жүргізіліп, оқиғаның шынайы мән-жайларын анықталады», - деп жазды полиция департаменті баспасөз хатшысы.