Жайдарманшы Мереке: "Бай емеспіз, әйтпесе нан табу үшін дала кезіп жүрмес едік..."

0
4 089

Жайдарманшы Мереке өзінің жағдайы туралы ашық айтты.


Жайдарманшы Мереке:

Танымал жайдарманшы қызға көмек сұрап хат жазатындар көп екен. Олардың барлығына көмектескісі келгенімен, қолбайлау болатын жағдай көп екенін Мереке ашық айтып, жазба жариялаған.

Мереке: "Қайырлы таң ЖАҚСЫЛАР! Менің дайректме (ақшалай) "КӨМЕКТЕСІҢІЗШІ" деген xаттар көөөппп келеді...( Күнде келеді).
Сірә бізді БАЙ деп ойлайды-ау.
АЛЛА КУӘ, солардың бааарлығына қуаныш сыйлап көмектескіміз келеді... Бірақ барлығына жетпейді... Біз БАЙ емеспіз, әйтпесе нан табу үшін дала кезіп, қала кезіп жүрмес едік... Ия, Арсен екеуміз де айлыққа жұмыс жасаймыз. Менің арасында МЭЙК&ПРИЧЕСКА істейтінім бар, одан бөлек съемкаға түсеміз ақшаға, ТОЙ жүргіземіз, Арсен сценарий жазады, қыздарды ақшаға АРТЫҚ САЛМАҚТАН арылтам...
Істейтін жұмыс КӨП.
Бірақ тапқан табысымыз КВАРТИРА мен ТАМАҚ, ЖҮРІП ТҰРУ т.Б.... Обшым жағдай АЛЛАҒА ШҮКІР)
Бірақ күтіңіздер ниет түзу ғой әйтеуір, байып кеткенде жаңағы көмек сұрағандардың барлығыңызға көмектесеміз бұйыртса немесе оған дейін өздеріңізде дұрысталып қалатын шығарсыздар Алла қаласа" деп жазды.

Мұны оқыған оқырмандары жақсылық туралы сөз қозғап, өмірді өзгерту туралы ойларымен бөлісті. Олардың бірі: "Қазір ешкімге сенуге болмайды. Өтірік хат болуы да мүмкін ғой..." десе, екіншілері: "Адамға көмектеспеу керек! Әр адам өз өмірін өзі жасайды" деп түйген.

Фото: merekusha

ERNUR.KZ