«Жалаңаштанып жүргенім жоқ қой!..» : Мөлдір Әуелбекова жыр болған тақырыпқа нүкте қойды

0
1 470

«Жасы 60-қа кеп шашы дода-дода боп жүргендер қаншама?!.»


«Жалаңаштанып жүргенім жоқ қой!..» : Мөлдір Әуелбекова жыр болған тақырыпқа нүкте қойды

Отандық танымал эстрада әншісі Мөлдір Әуелбекова жекесіне көптеген хаттар келетінін, соның ішінде басым көпшілігі орамалына қатысты екенін айтты.


«Жыр болған тақырыпқа нүкте қояйықшы.
Жекеме: "Ажырастың ғой, енді шашыңды жайып орамалыңды шешсең жақсы болар еді, әлі жассың, қартайғанда киіп үлгересің!" - деген сыңайлы хаттар тоқтаусыз әлі келіп жатыр... Түсінемін, ұнатпай жатқандар бар! ( бәріне топырақ шашпаймын).
Құрметтілерім, мен орамалды біреу үшін кимедім ғой! Мен Алла разылығы үшін кидім емес пе?! Орамалға келуім де ұзақ болды, 5 жыл ниеттеніп жүріп кидім. Алдыңғы посттың бірінде жазғанмын, мүмкін оқымағандарыңыз бар шығар... Яки, әр адам түбінде өзі үшін жауапты. Әркімнің таңдауы өзінде! Бастысы, ешкімге зияны немесе кесірі тиіп жатқан жоқ қой! Аласапырып жалаңаштанып жүргенім жоқ қой?! Неге сонша тітіркенесіздер орамалыма?! Қартайғанда киіп үлгересің дейтіндей қартаятынымызға кім кепіл? Кімнің қанша ғұмыр кешетінін тек Алла біледі емес пе? Қаншама жастар кетіп қалып жатыр... Атам заманда шашты қазақта жесір әйел ғана жаятын емес пе еді? Ауыр айтпаңыздаршы! Өтініш! Бұл менің таңдауым! Алланың бұйрығын - менің жаулығымды сыйлаңыздаршы! Иә, мен бұның бәрін елемей қоя салсам да болады! Бірақ, 99 күнә тілден деген бар. Біз мұсылман қауым бір бірімізге бауырмыз! Жанашырмыз! Сол себепті, ең болмаса ұнамаса жәй өтіп кете салыңыздаршы! Тілден күнә жинамаңыздаршы!»
- деп жазды әнші.


Сонымен бірге өнер иесі қолдаушыларына алғысын да білдірді.


«Менің бар болмысымды қабылдай білетін, шынайы өнерімді бағалайтын тыңдарманыма шексіз алғыс! Өнерімді болмысыма қарамай-ақ бағалайтын алтындарым сол! Алла сіздерге сансыз сауаптан жазсын! Мен сіздерді Алла разылығы үшін жақсы көремін!», - деп ағынан жарылды ол.


Осы орайда Мөлдірдің тілеулестері пікірлерін білдірді.


«Ниетің қабыл болсын, орамал таққан жақсы. Алла разылығы үшін жақсы көремін өзіңді», «Кеше «Қазақ аруында» құлпырып тұрдыңыз сахнада. Киген киіміңіз, әніңіз, бәрі жарасымды болды», «Онда тұрған еш нәрсе жоқ, жай соңғы кездері хиджап бір киіліп, бір шешіп халықтың көңілі қалып қалған,ең бастысы халық алдында өнер көрсеткенде әрбір әніңізден нәр алып тұрсын» деп жазды оқырмандар.