​«Жаманның сандырағы келді»: Заттыбек Көпбосынұлы Ақбота Керімбековамен «бесік құда» болғанын айтты

0
1 325

«Қызыма сырға таққанда қызғанып, қылп ете қалдым»


​«Жаманның сандырағы келді»: Заттыбек Көпбосынұлы Ақбота Керімбековамен «бесік құда» болғанын айтты

Әнші Заттыбек Көпбосынұлы «Ұйқым келмейді» бағдарламасына қонақ боп барып, отбасылық өмірі жайлы сыр шертті.


«...2018-жыл мен үшін ерекше жыл болды. Сол жылы әкемнің 80 жылдық мерейтойы мен қызымның тілашар тойын қосып өткіздік. Тойдан кейін Умра қажылығына барып қайттық. Келгесін наурыз айының бір жұмасында көкпар бердім. Тұп-тура тоғыз айдан кейін дәл жұма күні, жұма намазы кезінде Бихан деген ұлым дүниеге келді.


Қызымызды да он жыл күтіп, көрдік қой. 2012-жылы дүниеге келген. Сол жылы күзде шілдехана тойын өткіздік. Көптен күткен қуанышымыз болғасын тамыр-таныс, дос-жаранның бәрін шақырғанбыз. Өнердегі әріптес-замандастарымның бәрі келді. Сол тойда Ақбота Керімбекова менің қызыма сырға салды.


Негізі Ақботамен бұрыннан жақсы араласамыз ғой. Сапарлас болған бір күнде Ақботамен сырымызды, мұңымызды айтып, әңгімелесіп қалдық. Сонда ол мені жұбатып, «Досым, ренжіме, әлі сенде ұл да, қыз да болады, әлі екеуміз құда боламыз» деп айтып еді. Ақботаның аузы дуалы ғой, «жаманның сандырағы келеді» дегендей, кейін қызды болдық қой. Өмірге келмей тұрып «құда боламыз» деп айтқаны бар, қызыма сырға таққанда қылп ете қалдым. Тойдың үстінде әкетіп қалатындай қызғанып, біртүрлі болдым.Енді алдағыны Алла біледі ғой» деді Заттыбек Көпбосынұлы.